Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.
Тақырыбы: Пішіндер әлемі
Мақсаты: Пішіндер туралы түсінік бере отырып, пішіндерді бір – бірінен ажыратуды үйрету, салыстыру, түстерді құрастыру қабілетін арттыру.
Шаттық шеңбері: Жылуыма жыл қос
- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? Үшбұрыш, дөңгелек. Бұлар пішіндер.
Ғажайып сәт. Есік қағылып, ішке математика елінің ханшайымы кіреді. Ханшайым: Саламатсыздарма, балалар! Мен пішіндер елінің ханшайымымын. Сендерге қонаққа келдім.
- Мынау дөңгелек – оның бұрыштары болмайды.
- Ал, мынау үшбұрыш. Оның үш бұрышы бар.
- Топтарыңда дөңгелекке ұқсайтын қандай заттар бар?
- Ал үшбұрышқа не ұқсайды?
- Өте жақсы, балалар!
(Балалар, ханшайым сендерге бірнеше тапсырма ала келген екен, қане барлығымыз ханшайымның тапсырмасын орындайық)
І – тапсырма: Өз ұяшығына орналастыр Шарты: Түсіне қарай пішіндерді өз ұяшығына орналастыру.
ІІ – тапсырма: Әуе шарлары Қызыл, сары, көк түсті.
Алуан шарлар көп түсті. Қане, қайсысына қалайсың? Бірін таңдап алғайсың. Шарты: Таңдап алған шарлардың түсін сұрау.
ІІІ – тапсырма: Д ойын: Бейнені құрастыр
Сергіту сәті: Шеңбер жасап тұрайық. Алақанды ұрайық. Уықтарша иіліп. Киіз үйді құрайық.
Қорытынды бөлім:
1) Біз бүгін немен таныстық?
2) Оларға не жатады?
3) Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
4) Дөңгелекте бұрыш болам?
5) Сендерге сабақ ұнадыма?
Ханшайым: Жарайсыңдар барлығында білімді, ақылды екенсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар балалар!