Тақырыбы: Математика әлемінде
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, назар аударуын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Амандасу
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Әлемде бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар бір аптада неше күн бар?
- Жеті күн бар.
- Дұрыс. Сендер математика әлеміне барғыларың келе ме?
- Ия.
- Біздер математика әлеміне баруымыз үшін жаяу жүруіміз керек
Д\о Бағдаршам
- Алдымызда не тұр?
- Бағдаршам.
- Балалар, бағдаршам - жолда жүру тәртібін реттейтін құрылғы.
- Неше көзі бар?
- Үш.
- Пішіндері қандай?
- Дөңгелек.
- Түстері ше?
- Қызыл, сары, жасыл
- Қызыл жанғанда не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Сары жанғанда ше?
- Дайындаламыз.
- Жасыл жанғанда ше?
- Жасыл - жаяу жүргіншілер жүруіміз керек.
Қызықты сәт.
Ренжіп мысық кездеседі.
Тәрбиеші: Мысық, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Мысық: Кеше мен мақтақызбен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді әбден тоңдым, оның үстіне қолғаптарым да тесіліп қалды.
Д\о Тесік қолғаптар
Тәрбиеші: Балалар, мысықтың қолғаптарын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған қолғаптарға үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Т\ш: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?
Б\р: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Мысық: Ой, рахмет! қолғаптарым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Т\ш: Мысық, сен балалармен бірге математика әлеміне барғың келе ме?
Мысық: Иә, барамын.
Осы кезде мысық қорапша тауып алады.
Мысық: Балалар, қараңдар менің не тауып алғанымды.
Т\ш: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.
1 - тапсырма: Ұқсасын тап
Балалар плакатқа үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды қойып шығуы керек.
2 - тапсырма: логикалық есеп.
Бір ағашта 5 алма,
Бірін бердім Санатқа.
Бірін бердім Қанатқа,
Сенде қалды неше алма?
3 - тапсырма: Ұзын, қысқа жолақтарды ажырату.
Д\о Гүлдесте
Балалар үш топқа бөлініп қызыл гүлдерді қызыл жолаққа, көк гүлдерді көк жолаққа, сары гүлдерді сары жолаққа қадайды.
- Балалар, қорапшадағы математика ханшайымының тапсырмаларын орындадыңдар. Енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5 - ке 5 - ті қосқанда
Болады екен 10 саусақ.
Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына сиқырлы таяқшам арқылы бі ліп отырмын.
Енді сендер басқа да не білетіндеріңді көрсетіңдерші.
Санамақ айту. Сұрақтар қою.
Ойын: Үшбұрыштар мен дөңгелектер
Балалар шелекке үшбұрыш пен дөңгелекке ұқсас заттарды жинайды.