Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК
Петушок балалар бақшасының логопед мұғалімі
Валеева Ғалия Сағынбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Л дыбысын қою
Сабақтың мақсаты:
1. Фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Артикуляциялық моторикасын дамыту
3. Зейін болуға тәрбиелеу
Жоспар:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сабақтың тақырыбы
3. Артикуляциялық жаттығулар
4. Л дыбысын қою
5. Л дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын орындау.
6. Фонематикалық анализдерді дамыту
7. Л дыбысы мен әріптің арасындағы байланысты бекіту
8. Сабақтың қорытындысы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Логопед мұғалім лақтың суретін көрсетеді.
- Бұл не? Дұрыс ләқ ал ләқ деген сөздің бірінші дыбысы қандай?
- Л
- Дұрыс айтасың
- Кеме қалай гуілдейді? ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ Қане қолымызды майыстырып кеме болайық..
2. Сабақтың тақырыбы
- Бүгін біз Л дыбысын естіп, дыбыстап және оны сөйлемде табуды үйренеміз.
3. Фонематикалық анализдерді дамыту
Логопед мұғалім: Мен қазір сөйлемдерді айтамын, ал сен Л дыбысын естіген кезде шапалақ ұр. Жарай ма?
Логопед мұғалім сөздерді айтады қала, қалам, кеме, алмұрт т. б.
Ал бала Л дыбысын естіген кезде шапалақтайды.
- Мына суреттерге қарашы Л дыбысы болса таңдап ал. Бала суреттерді қарайды.
Кілем, балық, доп, теледидар, алма, қол, көлбақа
Логопед мұғалім:
- Ал енді ойын ойнайықшы Төртінші артық Л дыбысы жоқ сөздер артық болады. Мысалы, дала, қора, ала, мал.
Логопед мұғалім сөзді атап, төрт суретті баланың алдына ашады. Бала артық суретті алып тастайды.
Мұғалім логопед: Сен поезға мінгің келе ме? Сенің алдыңда үш вагон және суреттер тұр(осы үш вагонға Л дыбысы суретте қайда кездесетінін көрсет және орналастыр (басында, ортасында, соңында)
4. Артикуляциялық жаттығулар
Сылақшы , Ине , Құлыншақ , Кеме артикуляциялық жаттығуларды орындау.
5. Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу.
Л дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі.
6. Л дыбысын қою
Логопед мұғалім дыбысты қою үшін үш тәсілді қолданады.
1.(Еліктеу )
- Кеме сияқты гуілде ( ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ)
2.(Айнаға қарап қайталау)
- Инені көрсетші, қандай үшкір еді. Енді жоғары қарай таңдайға майыстыр. Енді кеме секілді гуілде ЫЫЫЫЫЫ. Тілдің ұшын босатпа.
3.(Екі тіс арасындағы Ы дыбысы)
- Логопед мұғалім: Жалпақ тілді тістің ұшымен тістеп, Ы деп дыбыстаймыз. Л деп естіледі.
7. Сабақтың қорытындысы.
- Қандай дыбысты өттік?
- Л дыбысын
- Л дыбысы қалай дыбысталады екен? (Бала Л дыбысының артикуляциясын қайталайды)