Рухани жаңғыруӨрнекті өрмек өнері Өрмек - алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок)

Скачать

Рухани жаңғыру
Өрнекті өрмек өнері
 Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок).
 Термелі өрнек – кілем тоқитын құрал. Бұған жалпақ тоқыма бұйымдары тоқылады.
 Жәй өрмек – бұған енсіз құр, бау, терме, басқұр сияқты бұйымдар тоқылады. Жәй өрмек бірнеше бөліктерден, құралдардан құралады.
 Қазық – желі және өрмек өрісі үшін қажет қазықтар.
 Кергіш қазық – өрмек өрісін алдыңғы жағынан керіп тұрады.
 Күйеу қазық - өрмекті арт жағынан керіп тұратын қазық. Жетім қазық деп те атайды.
 Күзу шыбығы – арқау жіп өткізетін ағаш шыбық.
 Күзу арқалығы – күзу шыбығын тең көтеріп тұрады.
 Мосы – арқалықты көтеріп тұратын үш бұтты құрал.
 Адарғы – өрмек өрісінің астыңғы және үстіңгі беттерін айқастыратын ағаш құрал.
 Серу ағаш – өрмек өрісі енін, жіптерін бірдей етіп ұстап тұратын құрал.
 Жүгіртпе – арқау жібін өткізіп тұратын құрал.
 Қылыш – адарғыдан кейін арқау жібін тығыздайтын қылыш тәрізді ағаш.
 Бақылау жіп – өріс жіптері шатыспау үшін қолданылатын (буатын) бөлек жіп.
 Тергіш – өрнек шығару үшін түрлі - түсті жіптерді теретін (іріктейтін) ағаш құрал.
 Еркек жіп – күзуде тұрған желі жіптерінің үстіңгі беті.
 Ұрғашы жіп – астыңғы беті.
 Шатыс – еркек және ұрғашы жіптердің адарғы арқылы айқасуы.
 Тарту жіп – күзуді қозғалмау үшін қатты тартып бекітіп қоятын мықты жіп.
 Жіп қашу – желі жіптерінің үзілуі.
 Арқау – тергіштен кейін шатысты ұстап қалатын, жүгіртпеге оралған арқау жіп.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Скачать


zharar.kz