Тақырыбы: Адам атын ардақта!
Мақсаты: 1. Оқушыларға адам атын ардақтап, өмір заңдылықтарын білуге үйрету;
2. Адам бойындағы қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
3. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар.
Түрі: өнеге сағаты.
Әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, үнтаспа, ойын түрлері.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен сәлемдесу;
Ә) түгендеу;
Б) тәрбие сағатына әзірлік.
Балалар, Адамгершілік амандасудан басталады - дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір - бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген Қазбек бидің нақыл сөздері ол балаларға арнай отырып, бүгінгі Адам атын ардақта атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
ІІ. Пікір алмасу.
Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата - анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.
Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата - әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаласа да, қаламаса да келісіп жататын кездер аз емес. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық аттарды таңдаса, жастар жағы заманауи есімдерді қоюға ұмтылады. Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені адамды басқа адамдар есімі арқылы таниды, шақырады. Сол үшін адам өзінің есімінің ыңғайсыздығынан немесе құлаққа түрпідей тиюінен қысылмайтын болу керек.
Азан шақырып қойған ат — туылған кезде көпшіліктің назарына жеткізіліп қойылған алғашқы есім. Азан шақырып қойған аты деген тіркес адамның туылған кездегі есімі деген мағынада қолданылады. Азан шақырып ат қою Ислам дінінде бар дәстүрлердің бірі.
Адам баласының жаратылысына назар салсақ, ат қою алғашқы адам, Адам ата, жаратылған сәттен басталған. Оның жары, адамзаттың анасының есімі Хауа болған. Ал ол екеуінің Абыл мен Қабыл есімді ұлдары болған. Демек, адам пайда болғанда оның есімі де пайда болған.
Адам атын ардақта тақырыбы бойынша оқушылардың есімдеріне көңіл бөлу. Неге? Кім? Сұрақтарын қою арқылы оқушылармен пікір алмасамыз.
(Балалар пікірі тыңдалады.)
Ойын презентация арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларды 2 - топқа бөлемін. Ойын бірнеше кезеңнен тұрады.
ІІІ. Зымыран сұрақтар.
1. Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым? (“Көксерек” туындысы). М. Әуезов.
2. 2. Қазақтың ұлы күйші - композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі? Құрманғазы.
3. Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы? Р. Қошқарбаев.
4. Халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші? Қорқыт ата
5. Бір ғасыр көлемінде өмір сүрген ақын? Жамбыл Жабаев
6. Диуани хикмет кімнің туындысы? Қ. А. Яссауи
7. Қазақ бұлбұлы? Күләш Байсейітова
8. Қазақтың ұлы жырауы? Бұқар
9. 1711 - 1781 Қазақ Ордасының ханы? Абылай хан
10. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы? Б. Момышұлы
ІV. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Ақын, жазушылар: Әзілхан Нұршайықов, Сәбит Мұқанов, Фариза Оңғарсынова, Ринат Зайтов.
Спорт майталмандары: Жамбыл Көкеев, Ермахан Ибраймов, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Бекзат Саттарханов.
Теледидар жұлдыздары: Меруерт Өтекешова, Асанәлі Әшімов, Нұртілеу Иманғали, Азамат Сатыбалды.
V. Ойлы болсаң, озып көр.
Ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар сол кісілерге мағлұмат беру арқылы жүзеге асады.
1. Талғат Мұсабаев
2. Айша бибі;
3. Қайрат Рысқұлбеков;
4. Бейбарыс сұлтан;
5. Төле би;
6. Әлия Молдағұлова;
7. Шара Жиенқұлова
VІІ. Жүйрік болсаң, озып көр.
Сөзжұмбақтың жауабын табу.
1. 1845 - 1904ж туған ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, аудармашы.
2. Боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері.
3. Қазақтың әйгілі күйші композиторы.
4. Бес арыстың бірі?
5. Б. Соқпақбаевтің балалар әлеміндегі озық туындысы.
6. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.
7. Менің пірім – Сүйінбай,- деп жырлаған ақын.
VІІІ. Сөз ойла, тез ойла.
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал - мәтелдер айту.
- Адамгершілік; - Жақсылық;
- Әдеп; - Еңбек;
- Тәрбие; - Талап;
VІІІ. Қорытынды.
Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзі үнтаспадан қойылады.
Адам ата - анадан туғанда, есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
Мұғалім. Сонымен балалар бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?
Бүгін біз ұлы тұлғалар туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулерің керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.
ІХ. Жүректен жүрекке
Аң жортар аяғымен, жер еркесі
Құс ұшар қанатымен көк еркесі
Халқыңа қалаулы ұл болам десең.
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі - Абай атамыз айтқандай. Сіздерге адамгершілігі мол, еліне елеулі, халқына қалаулы ұл - қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.