Аппақ қыстың бораны

Скачать

Тақырыбы: Ғажайып қыс .
Мақсаты: Жыл мезгілі қыс туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу әрекетін, тілін, есте сақтау қабілетін көркемдік талғамын, диалогты сөйлеуін, ой қиялын дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қысқы орман көрінісі.
Қос тілді компенент: қыс - зима, қар - снег, мұз - лед.
Тәрбиеші:
Сәлем сөздің анасы,
Сәлем сөздің данасы.
Орнымыздан тұрайық,
Сәлемдесіп алайық.
Балалар:
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме қонақтар! Қайырлы күн!
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізді ребус шешуден бастаймыз.
- Балалар мынау ненің суреті?
Балалар: - Қарындаш.
Тәрбиеші: - Қарындаш деген сөзде қандай дыбысты естіп тұрмыз?
Балалар: - Қ – дыбысы.
Тәрбиеші: - Дұрыс ендеше бірінші тор көзге Қ дыбысын - әрпін жазамыз. Ал, мынау ненің суреті?
Балалар: - Ыдыстар.
Тәрбиеші: - Ыдыс деген сөзде бірінші қай дыбыс естіледі?
Балалар: - Ы – дыбысы.
Тәрбиеші: Ендеше екінші тор көзге Ы әрпін жазамыз. Енді үшінші суретке қарайық ненің суреті салынған?
Балалар: - Сағат.
Тәрбиеші: Сағат сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? Ендеше үшінші тор көзге С әрпін жазайық. Қандай сөз шықты?
Балалар: - Қыс.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы Ғажайып қыс . Балалар сендер орманға барғыларың келе ме?
Балалар: - Иә.
Тәрбиеші: Ендеше менің сиқырлы таяқшамның көмегімен біз орманға барамыз. Міне, балалар біз орманға келдік. Орманнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар: - Шыршалар, ағаштар, ақ қар.
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, шыршаның түсі қандай? Шыршаның бойы қандай?
Балалар: - Шыршаның түсі жасыл, ал бойы аласа және биік.
(Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады)
Қоян: - Ой мәлеметсіңдер ме, балалар. Орманда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: - Сәлеметсің бе қоян. Біз орманға саяхатқа келдік.
Тәрбиеші: Балалар, біз қоян туралы өлең - тақпақтар білеміз бе?
Балалар: - Білеміз.
Тәрбиеші: - Қане кім айтады?
1 - бала:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
2 - бала:
Мен қоянмын, қоянмын,
Аппақ қарға бояндым.
Достар тағы келер деп
Ертеменен ояндым
Қоян: Ой, балалар, қандай керемет. Мен де сендермен жүрсем бола ма?
Тәрбиеші: - Жарайды, қоян бізбен бірге еріп жүре ғой.
Тәрбиеші: - Балалар мынау не?
Балалар: - Ағаштар.
Тәрбиеші: - Ағаштарда жапырақтар бар ма?
Балалар: - Жапырақ жоқ.
Тәрбиеші: - Мынау ақ болып тұрған нелер?
Балалар: - Бұлар қыраулар.
Тәрбиеші: - Мынау не?
Балалар: - Суықторғайлар.
Тәрбиеші: - Балалар оларды неге суықторғайлар дейміз?
Балалар:- Өйткені олар қыстап қалады.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, олар қыстайтын торғайлар. Балалар, біз торғай туралы тақпақ білеміз бе?
Балалар:- Білеміз.
3 - бала:
Үйге кірші, торғайым,
Сары аяздан қорғайын.
Үйшік жасап берейін,
Алдыңа жем төгейін.
Күн жылынып қар кеткенде,
Босатайын көктемде
4 - бала:
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Тәрбиеші:- Балалар мына жерде апан бар екен, қан, қарайық ненің апаны екен? Аю туралы тақпақтар білеміз бе?
Балалар: - Білеміз.
5 - бала.
Менің жазғы көрегім,
Жеміс - жидек теремін.
Теремін де керегін,
Қонжығыма беремін.
Ал, қыстағы тамағым,
Өзімнің май табаным.
Сорамында жатамын,
Тәтті ұйқыға батамын.
Тәрбиеші: - Балалар, қыста аю ұйықтап жатады, сондықтан біз тыныш жүрейік. (осы кезде аю оянып кетеді).
Аю: Қайсысың мені тәтті ұйқымнан оятқан, ой, мынау балалар ғой. Мен қыста тәтті ұйқыға кетемін сондықтанда қыс мезгілі қандай болатынын білмеймін. Маған қыс мезгілі туралы білуге көмектесесіңдер ме?
Балалар: - Иә.
(Шыршалардың артынан аққала шығады)
Аққала: - Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе аққала. Сіз бұл жерде неғып жүрсің.
Аққала: - Мені сендер сияқты балалар жасап кетті.
Тәрбиеші: - Балалар қарындаш, аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: - Үш бөліктен тұрады.
Тәрбиеші: - Аққала туралы кім тақпақ біледі.
6 - бала:
Ойын құмар көп бала,
Шұқырасып топтама.
Аппақ қардан жасаймыз,
Әп әдемі аққала
7 - бала:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп - үшкір,
Көзі көмір қап - қара.
Тәрбиеші: - Балалар, орман суық екен бойымызды жылытып, сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт - сарт - сарт,
Шапалақ соғамыз.
Етік киіп аламыз,
Топ - топ - топ.
Топылдатып билейміз,
Тоңса біздің денеміз.
Тоңды киіп аламыз,
Зу - зу - зу,
Шанамен зулаймыз.
Тәрбиеші: - Ал, енді балалар бақшамызға қайтайық. Көзімізді жұмып сиқырлы таяқшаның көмегімен бақшамызға қайтайық. Міне, балалар біз бақшамызға келдік. Орманда жүргенде аюға уәде бергенбіз, қыс мезгілі қандай болатынын білуге көмектесеміз деп, сол уәдемізді орындайық. Балалар, қыс мезгілінің белгілерін айтып беріндерші. (интерактивті тақтадан көрсету).
Балалар: - Қар жауады, аяз болады, боран соғады. Жерді қар басады. Өзенді мұз басады. Құстар ән салмайды, жәндіктер тығылып қалады. Адамдар қалың киінеді.
Тәрбиеші: - Қардың түсі қандай?
Балалар: - Ақ.
Аппақ - аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау - қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ
Тәрбиеші: - Қар неге ұқсайды? (интерактивті тақтадан көрсету).
Балалар: - Қант, сүт т. б.
Тәрбиеші: - Қыс айлары жайлы біз не білеміз?
8 - бала: Желтоқсан - жыл аяғы қыстың басы, ол суық, ызғарлы болады.
9 - бала: Қаңтар
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқы түндер ұзарды,
Ұзақ күндер қысқарды.
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ тұлғасы.
Қыстың айы қаңтардан,
Басталады жыл басы.
10 - бала: Ақпан жел мен боранның айы. Бұл айда суық борандар болады.
Менің атым ақпан,
Келдім суық жақтан.
Тонып қалма балалар,
Аязымнан сақтан.
Тәрбиеші: - Ал, енді қыс және қар туралы тақпақ білесіңдер ме?
11 - бала:
Аппақ қыстың бояуы,
Аппақ қыстың бораны.
Ақ көрпеге орайды,
Ақ қар байтақ қаланы.
Аяз шымшып қояды,
Суық та аздап болады.
Туған жердің ақ қысы,
Ақ құшағын жаяды.
12 - бала:
Қырды жапты күміс қар,
Далада жаңа тыныс бар.
Бұталар жалт - жұлт етеді,
Кәдімгі бейне хрусталь.
Тәрбиеші: - Енді, балалар біз сендермен Сөйлемді аяқта деген ойын ойнап жіберейік.
1. Қырау басқан......
2. Балалар аққала.....
3. Қар жапалақтап......
Балалар: - ағаштар, - жасады, жасап жатыр, - жауып тұр, жауады.
Жұмбақтар шешіп жіберейік
1. Ол көңілді сайқымазақ емес,
Үш қабатты бірақ үй емес.
(Аққала)
2. Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
3. Терезеге қонады,
Әсем ою салады.
(Қырау)
Тәрбиеші: - Балалар қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: - Қар атыспақ, сырғанақ, коньки, шаңғы тебеміз
Тәрбиеші: - Ал, енді қысқы ойындар туралы тақпақтар айтып беріңдерші.
13 - бала:
Біз тебеміз сырғанақ,
Таудан төмен сырғанап.
Бір шанада екеуміз,
Құламайды екенбіз.
Ақ шанамыз зырлайды,
Ақ қар оны шыңдайды.
14 - бала:
Биік төбе көк тайғақ,
Шана теуіп ойнаймыз.
Соқсада аяз қақпайлап,
Қызыққа еш тоймай - мыз,
Аяздан біз қорықпай,
Ұлпа қарға ойнаймыз.
К үтпеген сәт. Қыс ханшайымы кіреді. Қазір біз сендермен қар атыспақ ойынын ой - найық. (жұмырланған қарды біреуіне лақтырып). Қалт етпей қағып ал аудармасын тауып ал. (Қар, аяз, сырғанақ, шана, шаңғы, мұз, аққала, қыс).
Тәрбиеші: - Енді, біз балалар сендер - мен көп ертегі оқығанбыз. Сол ертегінің біреу Екі аяз деген ертегісін сахналап берейік. Балалар, бүгін біз сендермен аюды қыс мезгілімен таныстырдық. Ендеше қыстан қалған әсерімізді сурет арқылы жалғастырайық. Әйнектегі аяз салған өрнектер.
Тәрбиеші: - Балалар сендердің барлығыңда өте жақсы сабаққа қатыстыңдар. Сендер өте тамаша балаларсыңдар.
Күтілетін нәтиже: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдері бекітілді. Сөздік қорлары сөйлеу мәдениеті, тапқырлықтары дамыды. Оқу іс - әрекетінде алған білімдерін ойын арқылы көрсете білді.


Скачать


zharar.kz