Жастар - біздің болашағымыз.
Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқшау сөздер және оның түрлеріне тоқтала отырып, оған үтірдің қойылу ерекшеліктерімен таныстыру. Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету арқылы сауатты жаза білуге жұмылдыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұппен, топпен жұмыс жасай білу арқылы бірін - бірі тыңдай білуге, өзгенің пікірімен санаса білуге баулу, сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын дәлелдей білу дағдыларын жетілдіру, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру
Психологиялық дайындық
Топқа бөлу: 2 түсті қағазбен топқа бөлу
Сабақтың ұраны: Не ексең соны орасың
Үй жұмысын тексеру: Одағай сөздерді қолданып, сөйлем құрау.
Өткенге шолу: Қыстырма сөздің орысша баламасы қандай?
Одағай сөзінің орысша баламасы қалай?
Одағай сөзінің неше түрі бар?
Сәйкесін тап ойыны:
Қой шөре - шөре
Жылқы әукім - әукім
Түйе құрау - құрау
Ешкі көс - көс
Сиыр пұшайт - пұшайт
Жаңа сабаққа кіру:
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар!
Қаратпа сөз және қойылатын тыныс белгілері
Балам - ау, күні бойы қайда жүрсің? Бері жүр, Аян, мына жақта жидек бар. Ана кітапты әперші, Айдын.
Лексикалық тақырыпқа көшу:
Мен жастарға сенемін!
Жаңа тақырып: Жастар - біздің болашағымыз!
Мәтінді аудару: Жастар – біздің болашағымыз
Сөздікпен жұмыс:
Тапқыр – находчивый
Білімді – образованный
Жастар – молодежь
Шығармашыл - творческий
Болашақ - будущее
жаңашыл - новатор
Еңбекқор - трудолюбивый
Үштұғырлы - трехъязычный
Алдына мақсат қоя білуші - целеустремленный
Постер құру:
1. Мәңгілік ел жастары қандай болу керек?
2. Қазіргі жастар қандай?
3. Оқушыларды бағалау
Рефлексия:
Екі жұлдыз, бір тілек!
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Покровка мектебінің
қазақ тілі мұғалімі Еділбаев Алмас Сәрсенбайұлы