3.3 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау.
Дебиторлық берешекті талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
Барлығымызға белгілі ақша қаражаттар сомалары ұйымның төлем қабілеттілік деңгейін көрсете алмайды және ол өтімділікті де бағаламайды.
Қоғамның өз уақытысымен және толық қысқа мерзімдік міндеттемелерін өтеу мүмкіншілігін қарастырайық. Олардың критерилерінің өтімділікпен төлеу қабілеттілігі жатады. Өтімділік көрсеткіші қоғам құралдарының оның қысқа мерзімді міндеттемелерінен асып тұруымен сиппатталады. Баланс өтімділігі төлем қабілеттілікпен тура байланысқан, яғни өз уақытымен және толықтай міндеттемелеріне жауап беру. Төлем қабілеттілігінің жалпы бағасы ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Акционерлік қоғам «Қазқұрылыссервис» 2005 жылы 1,5 (36894/24532) және 2006 жылы (3159250/5295) тең болды.
Өткен жылы ағымдағы міндеттемелердің орны жабылған, бірақ ақша қаражатының жетіспеушілігі дебиторлық берешектің үлкен мөлшерімен байланысты болып отыр. Есепті кезеңге келер болсақ, төлем қабілеттілік бар, бірақ ресурстарды қолдану тиімді емес. Тез өтімділік тауарлы материалдық құндылықтарды есептемегенде пайда болады. Талданылып отырған қоғамда өтімділік 2005 жылы 1,256 (36894-6081)/24532) және 2006 жылы 2,98 (159250-1290)/52950). Бұл көрсеткіш 1-ден кем болмауы керек.
Сонда Қазқұрылыссервис көрсеткіштері нормаға сай болып табылады. Төлемқабілеттілігінің ең қатаң көрсеткіштері ақша қаражат сомаларының ағымдағы міндетемелерге қатарына тең. Дипломдық жұмыс мысалында 2005 жылы ол көрсеткіштер 0,46 (11402/24532) және 2006 жылы 2,65 (140427/52950) тең.
Бұл көрсеткіш міндеттеменің қай бөлімі өте тез жабылатынын көрсеттеді ендеше есеп кезеңінде жағдай дерліктей жақсарды кейде дебитордың берешектің