Балдырған балабақшасының тәрбиешісі Бейсембекова А. А.
Шашубай кентіндегі мектеп - балабақша кешені (мектеп жанындағы интернатымен)
базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ.
Жазғы табиғат аясындағы серуен.
Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тілін дамыту, шығармашылық белсенділігін артыру, сонымен қоса денсаулығын шынықтыра отырып нығайту және сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу басты міндет болып саналады.
Жаз — балалар үшін алаңсыз таза ауада секіріп ойнап, қыдыратын таң ғажайып және қолайлы кез. Дәл осы кезеңде олар көп уақыттарын таза ауада өткізеді. Және өте маңыздысы мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту шынықтыру, үлкендермен табиғат аясында серуен, мерекелер осылардың барлығы бала денсаулығына, ойлау қабілетінің дамуына зор әсерін тигізеді. Сол себептен жаз айында балабақшаның жұмысы аздап ерекшеленеді.
Жазғы сауықтыру жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және тәрбиеленушілердің ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды.
Жазғы сауықтыру жұмыстарының ең негізгі алға қойған мақсаты: балабақшада жас бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай отырып, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау, және балаларға есте қалатындай естеліктер сыйлау, ой өрісін дамыту. Тәрбиеленушілердің бос уақыттарын көбірек таза ауада өткізу, сонымен қатар спорттық ойындар ойнату, табиғатпен таныстыру яғни өсімдіктер, жемістермен таныстыра отырып, ауа - райындағы құбылыстарды бақылай білуге талаптандыру болып табылады. Жазғы демалыс кезінде біздің бақшамызда балалармен нептун күні, гүлдер мерекесі, әр қашан күн сөнбесін (бормен сурет салу), табиғат аясынадағы серуен атты іс - шаралар жүргізіліп, жалғасын табуда.
Серуен кезінде балалармен тек спорттық ойындармен тоқталмай, жазғы шынықтыру принцптерін ұстана білдік. Айта кетсем, балалар әдіскер мен тәрбиешілердің көмегімен далада күн сәулесін қабылдау, таза ауа жұту міндетті түрде ауыз шайу, шынықтыру жұмыстарын қабылдады. Осы кезде әр балалардың қимыл - қозғалыстарына жеке көңіл бөлінді. Таза ауада серуен кезінде тағы бір балалардың ой өрісін дамыту мақсатында балабақшада өсіп тұрған жеміс ағаштарымен таныстыру болды. Жеміс ағашы туралы аздаған ақпарат беріліп, оладың пайдасы туралы айтылды. Жеміс ағаштарын күтіп баптауға көмектестік. Балаларға жақсы көңіл – күй сыйлау мақсатында сабын көпіршіктерімен ойнату, таза ауада мольбертке сурет салғызу, сияқты шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Далада қимыл қозғалыс ойындары барысында, уақыт ұзақтығын қатаң ескере отырып балаларға көлеңке жерде ертегілер оқу, ертегі кейіпкерлерін есте сақтауға, ертегі жайлы балалардың көмегімен шағын көрністерді ұйымдастырдық.