Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру Салтанатты жиыны

Скачать

Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлігін тапсыру
Салтанатты жиыны.
Мақсаты: 2012 - 2013 оқу жылындағы 9 класс оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру.Оқу жылын Ерекше куәлікпен аяқтап отырған оқушыларды марапаттау.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар!
2012 - 2013 оқу жылында № 34 орта мектебінен 49 оқушынегізгі мектепті бітіргелі отыр.
Бүгінгі негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
ҚР гимні ойнайды
Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап куәлік иесі атанып жүр. 9 жылдық білімді тәмамдап кейбіреуіміз 11 жылдықты бітірем деген ниетпен оқуымызды әрі каркй жалғастырсақ, біріміз колледж студенті атанып жүрміз.
Құрметті оқушылар, бүгін де сіздер осындай мақсатпен салтанатты жиында бас қосып отырсыздар.
2 - жүргізуші:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды шығады,- деген нақыл сөз ойға оралып, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз. Мектеп ұжымы 9 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып, бүгін Үздік куәлік иесі атанып отырған Әлібек Айдар, Кульчук Жансая, Оралбаева Айгерім, Ғайнеденова Альмира, Қазиева Құралайды мақтан етеді.
Ендеше, алғашқы сөз кезегі және негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру рәсімі мектеп директорына беріледі.
1 - жүргізуші: Қолдарыңызға алған куәліктеріңіз құтты болсын деген ниетпен
9 а класс оқушысы Жантлесова Жансаяның орындауында Мектебім әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Өнерлі оқушы қашанда биік шыңдарғы шығатыны сөзсіз. Төмендегі мектеп атынан Алғыс хатқа ие болайын деп отырған оқушыларымыз өздерінің мектептегі шәкірттік уақыттарында мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептен тыс жерлер де де, қалалық, облыстық, тіптен халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып мектеп намысын қорғаған, биыл негізгі мектебін бітіріп оқуларын колледж жанында жаслғастырам деген ой мазалап жүрген оқушыларға мектеп ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіріп Алғыс хат тапсырылады.
1 - жүргізуші: Алғыс хат тапсыру рәсімі мектеп директорына беріледі.
2 - жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Сапасы биік адал дос табыңдар.
1 - жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директорының оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Туребаева Гүлмира Құспанқызына беріледі.
2 - жүргізуші: Ұстаз – ұлы есім. Оның алдынан өтпеген жер бетінде пенде жоқ. Сіздердің қызықтарыңызды бөліскен, қиындықта бірге жүріп белдескен класс жетекшілер ортамызда.
Олай болса құттықтау сөз класс жетекшілерге беріледі:
Назарларыңызға Ұстазым әнін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Өсті деп ой санамыз
Өрлетті мектеп анамыз
Өріне шығып ғылымның
Нәріне білім қанамыз
Балам, бір саты ер жетті деп ата - аналар да қуаныш үстінде. Ата - ананың мақсатын орындау балалардың міндеті.
Келесі сөз ата - аналарға беріледі.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім.
Құрметті оқушылар еңбек етіп білім шыңына жетіңіздер.
Назарларыңызға әсем әнді қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: Осымен 2012 - 2013 оқу жылындағы 49 оқушыға негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік тапсыру салтанатты жиынын жабық деп жарияланады.


Скачать


zharar.kz