Антарктида материгін оқу

Скачать

Қысқа мерзімді жоспар №3
Сабақтың тақырыбы Антарктиданың табиғаты
Сабақтың мақсаты А) білімділік: Антарктиданың табиғаты, климаты жағалауындағы тіршілік дүниесі жайлы білім алу.
Ә) тәрбиелік: пікірлерді тыңдай отырып сараптауға,
бағалауға тәрбиелеу.
Б) дамытушылық: шығармашылыққа, өз ойларын тиянақты талдап жеткізуге, дәлелдеу, ой - тұжырымдау салыстыру, негізгі мазмұнды ажырата білу, зерттеу қабілетін ашу.
Сабақтың түрі аралас
Сабақтың типі Жаңа білім беру.
Әдісі Блум таксономиясы
Бағалау Бірін – бірі бағалау, топтық бағалау, формативті бағалау
Көрнекіліктер Антарктида картасы, органикалық дүниесі видео, суреттер, атлас т. б.
Сабақ барысы. І – кезең.
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сергіту.
2. Топқа бөлу.
Көпір тапсырмалары. Үй тапсырмасы. Өткен сабақ бойынша тест тапсырмаларын аламын.
Бірін - бірі бағалау.
ІІ - кезең
Топтық жұмыс Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау. Мәтінді оқып шығу
Теория бойынша Білу (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? қашан?
Сияқты сұрақтарға жауа беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.
Оқушылар мәтінді оқып шығады. Бос орынға қажетті сөздерді оқулықтан тауып жазыңдар.
1. Антарктида мұзының орташа қалыңдығы................ м, ең қалың жері...... м.
2. Росс теңізі жағалауында сөнбеген............... жанартауы орналасқан.
3. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай Антарктида........ Антарктида және.................... Антарктида болып екіге бөлінеді.
4. Восток стансасында Жер шарындағы ең төмен температураны........... тіркеген.
5. Күн сәулесінің.......... пайызы кері шағылтады.
Теория бойынша: Түсіну (Неге? Неліктен? Себебі?, Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына тереңдету үшін қойылады. Себебін анықтаңдар.
1. Антарктиданы неліктен мұз құрсап жатыр?
2. Антарктида жағалауларына қарай неге ағынды желдер соғады?
3. Неліктен Антарктида материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?

Теория бойынша:
Талдау
1. Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
Тақырыптың басты идеясын 3. Ұқсастығы неде?
жаз.

Венн диаграммасы арқылы Антарктиданы өзіне жақын жатқан Австралия материгімен салыстыр.

Тақырыптың басты идеясы неде?
Антарктида суықтық полюсі, түгел дерлік мұз құрсап жатыр. Онда тұрғылықты халық жоқ. Бұл ғылым мен бейбітшілік материгі.
Жинақтау (Қорытынды шығар, анықтама бер, тірек - сызба құрастыр, тақырыптың басты идеясын түсіндір) Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде постерге сызыңдар.
Практика бойынша: Қолдану
(оқулықпен жұмыс ) Кескін картамен жұмыс.
1. Антарктида материгін кескін картаға түсіріңдер.
2. Антарктиданың Еуразия материгіне дейінгі қашықтығын өлшеңдер.
Практикасы: Баға беру
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) Қалай ойлайсыңдар?
1. Антарктида материгіндегі мұздар ери қалса, онда қандай өзгерістер болар еді?
2. Егер сен болашақта зерттеуші немесе саяхатшы болсаң, материкте әлі толық зерттелмеген жерлерді зерттер ма едің?
Қорытындылау
Бағалау
Топтық бағалау
Үйге тапсырма беру. 1. Антарктида материгін оқу
2. Антарктиданың табиғаты эссе жазу


Скачать


zharar.kz