Қазір қыстың қай айы

Скачать

Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Қашар кентіндегі №2 Қашар орта мектебі КММ мектебіндегі
шағын орталық бөліміндегі Балапан тобында тәрбиешісі
Медетбаева Айгуль Давлетназаровна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Шығармашылық
Бөлім: Экология негіздері Жапсыру
Тақырыбы: ДАЛА ҚҰСТАРЫ
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Құстардың тыныс - тіршіліктерін бақылауға үйрету, ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіріп, ой - өрісін дамыту, қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Көрнекі құралдар: қысқы орман, жұмыртқа, ұя, балапан, құстардың үлгісі, желім, тоқымалы жіп, қылқалам, сүлгі, қызыл және қара түсті қарындаш.

Мотивациялық - қозғаушылық
- Сәлем – сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы деп, қонақтармен сәлемдесейік.

Тілек шеңбері .
Ғажайып сәт .
(ұядағы жұмыртқаны көреді).
Сұрақ - жауап:
- Бұл не?
- Геометриялық пішіні қандай?
- Жұмыртқаның түсі қандай?
- Ішінде не бар?

Ұйымдастыру іздестіру
Психологиялық жаттығу .
- Ендеше жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерімізді білдірейік.
Жұмыртқаны қолына алып, тілек айту.
- Денің сау болсын!
- Балалар, біз сөйлегенде немен сөйлейміз?

Көңілді тіл ертегісі.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көрдіңдер ме, балалар, қыс мезгілі қандай тамаша!
(құстардың дауысы естіледі).
- Балалар, әсем тыныштықты бұзып тұрған ненің даусы болды екен?
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Оларды неліктен үй құстары деп атайды?
- Қалай қоректенеді?
Дауыстарын келтіру.

- Үй құстарынан басқа қандай тағы құстарды білесіңдер?
- Балалар, бүгін біз сендермен дала құстарын көруге орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен баруға болады?


Скачать


zharar.kz