Оқушылардың Василий Сухомлинский туралы түсінігін кеңейту

Скачать

Сабақтың тақырыбы:
В. Сухомлинский. Ақ шаш

Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Оқушылардың Василий Сухомлинский туралы түсінігін кеңейту; Ақ шаш әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың таным мүмкіндіктерін ашу.
2) Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ана туралы мақал - мәтелдер қорын молайту; қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту; оқушылардың сөздік қорын, ой - санасын дамыту.
3) Тәрбиелілік: Оқушыларды имандылыққа, үлкенді сыйлауға, анасын қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, презентация, дидактикалық, таратпа материалдары, Т - кестесі,

Сабақ әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой шақыру, қорыту, Т - кестесі, шығармашылық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Мұғалім: Балалар бүгін біз топтық жұмыс істейміз. Үй тапсырмасына қандай тақырып берілді?
Оқушылар: Достық өлкесінің заңы М. Шаханов, өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
Балалар мазмұнын қара сөзбен айтып шығады


Скачать


zharar.kz