Пәні: Өзін - өзі тану
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен біргеміз.
Мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсінік беру.
- табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту.
- табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат суреті, гүл, ақ қағаз.
I. Ұйымдастыру
II. Шаттық шеңбер:
- Сәлемдесу
- Ән салу.
III. Топқа бөлу. Адам. Табиғат.
IV. Ойланайық, пікірлесейік
- Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?
- Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан қандай әсер
аласыңдар?
V. Жаңа ақпарат
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шабытқа кенелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
VI. Мәтінмен жұмыс
- Екі топқа бөліп оқыту.
- Түсініксіз сөздермен жұмыс
Жел Қ. Толыбаев
- Қар мен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті?
- Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?
VII. Сергіту.
VIII. Тапсырма
Кітаптағы берілген суретке қараймыз.
Суретке қарап, табиғат сұлулығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Әр түрлі тақырыптарда өзіндік жұмысты түрлендіре түсуде сол тақырыпты аша түсуге, меңгеруге, мағынаны тануға құлшынысы мен қызығушылығы артады.
2 сыныпта өткізген “Табиғатпен біргеміз” сабағында топтық жұмыста да оқушылар өздерінің өзіндік жұмысты орындауда белсенділіктерін көрсете білді.
1 Адам тобы
- Табиғат туралы өз ойларыңды айтасыңдар.
2 Табиғат тобы
- Табиғаттың адам өмірімен байланысын айту.
- қыздарды гүлге теңейді.
- күн шуағы ананың құшағы сияқты ыстық
IX. Дәйексөз
Дәптерді ашамыз.
Адам мен табиғаттың тілдескені – өмірдің үндескені.
(Халық даналығы)
X. Дәптермен жұмыс
- Дәптердегі суретті тек қана жасыл түспен бояу.
XI. Қорытындылау
Ребус: Табиғат
XII. Шығармашылық жұмыс.
- табиғатпен тілдескенін айту.
- табиғатты қорғау
- табиғатқа қамқорлық жасау.
- табиғаттың тілектері.
XIII. Мадақтау
XIV. Үйге тапсырма
XV. Жүректен жүрекке