Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным. , Қатынас , Шығармашылық
Тақырыбы: Артық, кем, тең
Мақсаты: Артық , кем , тең түсініктерімен таныстыру; заттар, суреттер жиыны бойынша салыстыруға үйрету; Зейіндерін, салыстыра алу дағдыларын, математикалық ұғымдарын, ойын дамыту. Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру. Өзара достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Даша және Алааяқ (түлкі) суреті, карта.
Билингвалды компонент: 1 - один, уан, 2 - два. ту, 3 - три, сри, 4 - фо, 5 - файф
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Бала әрекеті
Мотивациялық -қызығушылық:
- Шаттық шеңбер - Балалар шаттық шеңберіне жиналайық.
- Балалар шеңберіміз кішкене сияқты. Шеңбер неге ұқсайды?
Қане онда үрлейік.
Армысың ару күнім
Армысың арайлы аспаным.
Бармысың думанды достарым.
Бармысың қадірлі қонақтарым.
Бас иіп өздеріңе сәлем бердік.
Қызығушылық танытады.
- Ол допқа және шарға ұқсайды.
Шеңберді үрлейді
Үлкенмен бірге мәтіннің сөзін және қимылын қайталайды.
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!
Hello!
(қонақтармен амандасады)
Ұйымдастыру - ізденушілік
1 - тапсырма:
Неше жол және түстерді ата, сана
2 - тапсырма: Ормандағы ағаш гүлдердің қайсысы артық, кем, тең екенін салыстыру.
Сергіту сәті
3 - тапсырма: пішіндерді, жапсыру
4 - тапсырма:
Кім жылдам ойыны
- Балалар бізге қонаққа кім келгенін қараңдаршы? Кім екен?
- Иә. Бұл Даша досымыз екен. Сендер қайдан білесіңдер?
- Ол бізге қонаққа келе жатып, сендерге әкеле жатқан сыйлығын ұрлатып алыпты. Оны кім ұрлады екен білесіңдер ме? Қайдан біліп қойдыңдар?
- Балалар, Алааяқ сендерге өзінің алып келген тапсырмасын орындасаңдар сыйлықтарыңды қайтарып беремін дейді
- Онда алаяқтың тапсырмаларын орындайық па? - Бізге Алаяқтың сыйлықты қайда жасырғанын білмейміз ғой, ол үшін бізге не керек сыйлықты қайдан табамыз?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, бізге карта керек.(карта ашылады) Сыйлығымызды көріп тұрсыңдар ма?
Картада неше жол көріп тұрсыңдар? түстерін сұрау.
- Қане, балалар біз Алаяққа нешеге дейін санай алатынымызды көрсетейік.
- Картаның жоғарғы және төменгі жағындағы ағаштарды санап көрелік. Жоғары жақта үш ағаш, төмен жақтарыңда үш ағаш. Екі жақ қандай?
- Дұрыс айтасыңдар. Тағы жол шетінен не көріп тұрмыз? Ал енді гүлдерді санайық.
1, 2, 3 келесі жағында 1, 2
Нешеуі артық.
- Өте жақсы.
Балалар шаршадық па? онда бір демалып алайық.
- Ой, балалар мұнда қараңдаршы қызық. Не көріп тұрмыз?
- Неден салынған көпір?
- Өте жақсы дұрыс айтасыңдар. Енді осы пішіндерді түстеріне қарай жапсыруымыз керек. Бұл жердегі пішіндер қайда екенін көріп тұрсыңдар ма? Қайдан табамыз.
- Енді бізде қандай пішін жоқ.
- Дұрыс. балалар Алааяқ сендерге үшбұрыштар алып келіпті осы үшбұрыштардан кім не құрай алатынын көрсетсін дейді.- Қане құрап береміз бе?
- Біз қазір сендермен ойын ойнаймыз. Ойын шарты былай.
Жол шетіндегі саңырауқұлақтарды жинауымыз керек. Кім көп жинаса сол жеңімпаз болады.
Ойын шартымен таныстыру.
- Ура, балалар қараңдаршы біз қайда жеттік. Ойын ойнап жүріп сыйлығымызғада жетіппіз.
- Ал, енді сыйлығымызды алып қайтайық. Біз қандай ойын ойнадық? Одан кейін неден өттік? Сендердің сыйлықтарыңды кім ұрлап алып еді. Нешеге дейін санадық? (санату, естеріне түсіру)
Даша
Балалар жауабы.
Алааяқ.
Орындайтындарын айтады.
Карта керек
Көрдік.
Үш жол. Қысқа - шот, ұзын - лоң жол.; жасыл - гриин, қызыл - ред, көк - блу.
Балалар санайды.
1 - один, уан, 2 - два. ту, 3 - три, сри, 4 - фо, 5 - файф.
Тең, бірдей.
Гүл балалар санайды.
Біреуі артық, біреуі кем.
Орынымыздан тұрайық.
- Алақанды ұрайық,
- Бір - отырып, бір тұрып
Сәл демалып алайық.
Көпір пішіндерден
Суда ағып барады. Балалар тауып жапсырады.
үшбұрыш
Балалар екі топқа бөлініп құрастырады.
Ойынға қызыға қатысады.
Балалар жауабы.
Көпірден
Рефлексивтік - түзету:
- алгоритм бойынша сабақты талдау
- тосын сыйлық кезең - Балаларға тапсырмалар қалай орындалғанын бағалауды ұсынады, балаларды мадақтайды, бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіреді.
- Дараның сендерге әкелген сыйлығын берейін.
- Балаларға сыйлықтар беріледі. Ұнағандарын айтады.
Дараның суреттерін сыйға алады.
Күтілетін нәтиже: Ереже бойынша тапсырма орындауды;
Толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді, өз тобының жетістіктеріне қуана білуді, өздеріне баға бере алуды.