Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты:
1. Әліппенің қадір - қасиетін меңгерту. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, көпшілік алдындағы ұстамдылыққа, кеш барысында өзін - өзі мәдениетті көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліппе, саған мың алғыс! сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер. Әсем безендірілген сахна.
Барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - Әліппемен қоштасу . Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен Білім басы - Әліппе! ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды қошеметпен ортаға шақырайық
(Балалар қатармен ортаға шақырамын)
Әрқашан алға ұмтылып,
Мавлюда, Әли, Оспаным
Ешкімнен қалыспадың.
Нұрдәулет, Оңғар, Нұргүлім
Жайқалып өскен қыр гүлім!
Бақдәулет, Бақытжаным, Айдана,
Тек биіктерден көрініп,
Бақытты болсын қайда да.
Мінекей алтын балалар
Уәли менен Айдана.
Өздері бал - бұл жайқалып,
Келеді басып жай ғана.
Құлпырған балғын жүзді балаларым
Қонаққа келді ата - аналарың
Көрсетші кәне қандай өнерің бар
Қуанып қалсын ата - аналарың.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар. (Аналарымыз шашу шашады)
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
- Бұл білімді қайдан үйрендіңдер?
Хормен:
- Әліппе досымыздан!
Мұғалім:
- Иә, ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырып алғысымызды білдірейік.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Ән: Әліппе
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!
- Жарайсыңдар олай болса Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік.
2 - оқушы:
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
3 – оқушы. А. Айдана
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
4 – оқушы. Нұрдәулет
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе
5 - оқушы |Мавлюда
Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
6 – оқушы Бақытжан
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа
7 – оқушы. Әли
Оқуды көп ойладың
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
8 – оқушы. Оспан
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
9 – оқушы. Бақдәулет
Алфавиттің
А тұрады басында.
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші.
Ал осының
Сыры неде? Түсінші:
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
10 - оқушы Айдана
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.
11 - оқушы Оңғар
Жақсы кітап - "Әліппе",
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым.
"Әліппемен" достастым.
"А"- дан бастап әріпті,
Түгел маған танытты.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Анам тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
12 - оқушы Бақытжан
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
13 - оқушы Нұргүл
Бар кітапқа бас салған,
Әліппе – ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың,
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың
Әліппе:
Ризамын балалар
Меңгердің болмадың босқа тек
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен балам
Ана тілің – арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
- Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Би: Сүйкімді балалар биі. (Мы маленькие дети.)
- Сендерге Әліппенің не үйреткенін көрейікші.
- Ал, қане балалар өнерімізді көрсетіп жіберейік
Ойын: Шар ішінде не бар?
Сұрақ:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Неше белгі бар?
3. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссызда болып келеді?
4. Отаныңның президенті кім?
5. ҚР астанасы қай қала?
6. Сенің кіші Отаның қалай аталады?
Жұмбақтар жасыру:
1. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған (бор)
2. Алты қырлы,
Алтын сырлы (қарындаш)
3. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
4. Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (Алфавит)
5. Өшірді сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (Өшіргіш)
- Балалар, сендер қандай пәндерді оқып жатырсыңдар?
- Бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, әліппе, математика.
- МАТЕМАТИКА пәнінен не үйрендіңдер?
Тура және кері санап береміз.
Санамақ та білеміз.
1 - санамақ
1 дегенім - бесік,
Шықтық содан өсіп.
2 дегенім - елім
Далам, тауым, көлім.
3дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 дегенім - бақыт
Бағалайтын уақыт.
6 дегенім - ақыл
Тыңдағаның мақұл.
7 дегенің - жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенің - сөзің,
Серт беретін кезің
9 дегенің тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім - Отан,
Қорға соны ботам.
2 - санамақ
Тоғыз - торғын тоғайың,
Бауыр, туыс, ағайын.
Ұстаздарың, достарың,
Шаттық толы маңайың.
Сегіз - деген салтанат,
Ел жиналар анталап.
Тәуелсіздік тойы бар,
Сайыс құрар бар талант.
Жеті - туған жеріміз,
Біз - туған жер төліміз.
Жиі барсақ ауылға,
Тола түсер кеміміз.
Алты - асау арғымақ,
Мінсең шабар арқырап.
Қиялдайды сондайды,
Бәйге сүйгіш әркім - ақ.
Бес - қолыңда бес саусақ,
Іске даяр тұр самсап.
Тас қамалды бұзамыз,
Жұдырықтай бір болсақ.
Төрт - атақты төрт түлік,
Төрт түлікке тоқшылық.
Жылқы, сиыр, қой, ешкі,
Өсір бәрін көп қылып.
Үш дегенің - үй,
Үйсіз оңбас күй.
Үй - туған ел бөлшегі,
Соны еске түй.
Екі дегенім - елім,
Атамекен жерім.
Ол - өзен, көл, кең дала,
Ол - тауларым менің.
3 - санамақ
Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты... деп жүреміз.
Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта - қайта санайық.
Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем бұл нөл , ұқпайды.
4 - санамақ
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Бестік деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
Беске оқыған баланы.
Алақай! дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай - ақ жүреді.
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен.
Ана тілі:
- Рахмет саған Әліппе осындай балалар көп болса мен қуанамын.
Ән Ертегілер
Әліппе:
- Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар.
Ән: Мектебім, аяулы мектебім.
- Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
- Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
- МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА - АНА!
- Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
Мұғалім:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адамдар ата - ана!
- Ол кісілер біз үшін ең ардақты адамдар. Ата - ананы сыйлау - біздің парызымыз - АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Өмірде бір - біріне серік болып,
Отбасының бақытына берік болып.
Ұрпағының амандығын тілеген
Әкелерім аман болсын көреген!
Балалар хормен:
- Ата - анаға мың рахмет!
Би: Хаттуба. Мавлюда
Ән: Анашым. (Нұргүл)
Ән: Қошақаным. Ұлдар
Би: Вальс.
- Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөзі:
1. Мектебіміздің директоры.
2. Ата - аналарда