Шаңғы толған шанағы, Қоқыр - соқыр тамағы (Шаңсорғыш)Жүзімен шабады, Шүйдесімен соғады

Скачать

Шаңғы толған шанағы,
Қоқыр - соқыр тамағы (Шаңсорғыш)

Жүзімен шабады,
Шүйдесімен соғады. (Балта)

Көмір шайнап,
Темір құсады. (Домна пеші)

Екі жақсы,
Екі сапты.
Барлық затты
Қысыр қатты. (Қысқаш)

Көрінбей - ақ көзіңе,
Күш көрсетер өзіңе.
Шайқап шарбақ, тал бақты,
Зыр жүгіртер қаңбақты. (Жел)

Екі аяқты желаяқ,
Артсаң болды сен аяқ,
Жетем деген жеріңе
Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)

Оймақтай қос көл жатыр,
Ортасында бел жатыр. (Көз бен мұрын)

Жазда тұрып жоғары,
Күнде жерге қонады. (Жапырақ)

Қартайғанда дерт қонды –
Екі көзім төрт болып (Көзілдірік)

Кәрілікке таядым,
Үшеу болды аяғым (Таяқ)

Авторы: Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ


Скачать


zharar.kz