Ақмырзаның баласы,
Ежелден едік сырдесте.
Атым арық, қарашы,
Амалым жоқ мінбеске.
Жол үстінде болдырып,
Ант еткендей жүрмеске.
Айдалаға қоңдырып
Кетер ме екен бір кеште?
Сырдесте адам осыны
Айттырмай-ақ білмес пе!
Кеусенім деп тарыдан
Берсе қайтер бір десте?!