Сабақтың білімділік мақсаты:Әннің орындалу әдіс - тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету

Скачать

Сабақтың білімділік мақсаты:
Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: Ән айту ережелері

Сабақтың білімділік мақсаты:
Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, СТО әдісі, араласқан сөздер , сиқырлы таяқша тәсілі, суретті тану.
Көрнекіліктері: Баян, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, өнер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
Намысты бол
Табысты бол
Жігерлі бол
Әділ бол
Сезімтал бол

Жаңашыл бол
Салмақты бол
Турашыл бол
Шешен бол
Өнерлі бол

Дауыс жаттығуы:

М: Күй сандықты ашайық
О: до – до – до
М: Тілдерін біз басайық
О: до – до – до
М: Бас дыбысты бастайық
О: до – до – до
М: Жайлап әнге салайық
О: до – до – до

Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

М: Шалқып шығар сонда күй
О: до – до – до
М: Бәрі до – дан басталар
О: до – до – до
М: до – ны қоштар басқалар
О: до – до – до
М: До – ны қоштар басқалар
О: до – до – до

Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері .
Ән орындау. Абай Қараңғы түнде тау қалғып .

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші – композиторларды ата?
Қандай дәстүрлі әншілік өнер мектептері бар?


Скачать


zharar.kz