Балалар мынау менің қолымдағы қандай аспап

Скачать

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Жомарт өлкем
Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Композитор, нота
Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды Көк тудың желбірігені әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік.
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді.
Ақын Туған жеріне деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады.
Музыка тыңдау Атамекен Р. Рымбаева теледидардан тыңдату.
- Қане балалар экранға назар аударайық
- Әншіні танимыз ба?
- Қане кім біледі, кім айтады?
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Роза апамыз. Р. Рымбаева Атамекен әнін орындап жатыр Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап қозғалып тұрады.

Өлеңді тыңдайды
Экранға қарап ақын ағаның суретімен танысады.

Экранға қарайды
Р. Рымбаева деп жауап береді
Ұйымдастырушылық – ізденістік Дауыс жаттығулары
1. А, ә, о, ө, у дыбыстарын айтқызу
Балалар бұл қандай дыбыс? (дауысты ма, дауыссыз ба)
2. До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до ( төменнен жоғары, тура айттыру
3. До, си, ля, соль,, фа, ми, ре, до (жоғарыдан төмен кері айттыру)
4. Соль, фо, ми, ре, до - до - ре
Ән саламыз өз - ге - ше.
5. Ән айту
Жомарт елім (И. Нүсіпбаев, Т. Молдағалиев)
1. Өлеңді таныстыру, мазмұнына түсінік беру
2. Әнді толығымен тыңдату
3. Өлең сөзін жаттап, біртіндеп әнмен қосылып айтқызу
Қане балалар әнді айтар кезде, денені тік ұстап, түзу отырамыз.
Жомарт елім өлеңінің тақырыбына сай видео слайд жүріп тұрады.
Әуенді ойлап тап
1. Біздің ән Сөзі: С. Жиенбаев
Музыкасы: Б. Ғизатов
2. Ардақты мұғалім Сөзі: А. Шаяхметов
Музыкасы: Т. Қоңыратбаев
3. Тату доспыз бәріміз Сөзі: Ф. Оңғарсынова
Музыкасы: Е. Меңдешов
4. Күз жомарт. Е. Өтетілеуов
Музыкасы: Д. Ботбаев
5. Жау – жау жаңбыр Сөзі: Ш. Сариев
Музыкасы: К. Қуатбаев
6. Сабан той
7. Осы әндерді рет - ретімен 1 - 2 тақтасын қысқа ойнап музыканы тоқтатады.
8. Әр айтылған өлеңнің тақырыбы, суреті экранға шығып тұрады.

Ән шығармашылығы
1. Сенің атың кім?
2. Сенің атың кім?
(Айгөлек әнінің әуенімен)
1. Сенің атың кім?
2. Сенің атың кім?
(Қошақаным әнінің әуенімен)

Кім жылдам?(Музыкалық жұмбақ ойын)
1 - сұрақ
Құлағын бұрап тартқаным не?
2 - сұрақ
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей.
3 - сұрақ
Жіберсең бастап,
Қобыздай асқақ
Ерекше үні бар
Бұл қандай аспап?
4 - сұрақ
Сызылған үні
Сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын
Аспаптың бірі
5 - сұрақ
Ел қорғайтын ерлікке
Әуенмен шақырған
Батылдыққа ерлікке
Әуенмен шақырған.

Берілген сұрақтың жауабы аспаптар суретімен экранға шығып тұрады

Сергіту
Домбыраның құлағын
Мәнерменен бұрағын
Достарыңды ертіп кел,
Содан кейін шертіп көр.

Балалар мынау менің қолымдағы қандай аспап?
Домбыраның құрылысын, бөліктерін атайықшы

- Дұрыс, жарайды
Жетекші қолындағы екі домбыраны көрсетеді, біреуі үлкен домбыра, екіншісі кішкентай домбыра

Қостілділік: үлкен - большой, кіші - маленький
Жетекші балаларға сұрақ қояды:
1. Күй атасы – деп, кімді атаймыз?
2. Ол кім?
3. Күй анасы – деп, кімді атаймыз?
4. Ол кім?
Экранға суреттері шығып тұрады.

Сөздік жұмыс
Ком - по - зи - тор
Сұрақ - жауап ойыны
1. Музыкада неше нота бар?
2. Музыкада неше сызық бар?
3. Ноталарды қайда орналастырамыз?
4. До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
Ән бөлмесіне жоғары көтерілу
5. До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до. Ән бөлмесінен шығып төменге түсу

Осы сұрақтардың жауабын экраннан көрсетеді.
1 - Сурет
Ән бөлмесі – 8 қабат
До - до дейін октава дейміз.
2 - сурет
Кемпірқосақ
3 - сурет
Құстардың ұшуы
4 - сурет
Балалардың шанамен биік төмпешікке көтеріліп, сырғанап төмен түсуі
Қос тілділік: вверх - жоғары
вниз - төмен Қайталайды

Дауысты деп жауап береді
Бірге қосылады
Буынға бөліп айтады

Әнді тыңдайды. Экрандағы суретке қарап өлең мазмұнын түсінеді. Өлең сөзін жаттап, әніне қосыла орындайды
Балалар қысқаша ойналған музыканы тыңдап, ойланып, қадай ән екенін айтады
Осылайша ретімен жауап беріп отырады

1. Менің атым - Айару
2. Менің атым - Асылхан

1. Менің атым - Айкөркем
2. Менің атым - Досжан

Өз есімдерін әуенге қосып айтады

Домбыра
Саз сырнай, баян
Шаңқобыз
Сыбызғы
Дабыл, барабан
Балалар қимылды қайталайды.
Домбыра
Басы, құлағы, мойны, ішегі, тиегі, ойығы, түймесі, шанағы, пернелері
Балалар қайталайды
Құрманғазы Сағырбаев

Күйші, домбырашы
Дина Нүрпейсова
Күйші, домбырашы
Экранға назар аударады
Балалар қайталайды

Жеті
Бес
Нот сызығына
Аяқпен бір орында жүреді, қолды кезекпен - кезек салып отырады
Экранға назар аударады

Балалар қосылып айтады
Қимылды ойын: Оркестр
(сыни тұрғыдан ойлау)
Оркестрді басқаратын адамды кім деп атаймыз?
Дұрыс яғни дирижер оркестрді басқарады, ал оркестр құрамындағы адамдар дирижерге бағынады.
1 топ - домбырашылар
2 топ - қобызшылар
3 топ - сазсырнайшылар
Күй. Адай Құрманғазы
Ойын шартын түсіндіреді

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде үйренген әніміз қалай аталады?
Ән көңілді ме?
Ән ұнады ма?
Балаларды мадақтау, марапаттау.
Әр топ басшысына орын тағайындау скрипка медалын мойындарына тағу. Қол шапалақтау

Дирижер
Түсінеді
Ойынның шартын ескере отырып, берілген күй ырғағын тыңдау арқылы әр топ мүшелері өз аспаптарымен келтіреді.
Балалар қуанып шаттанды. Жомарт елім. Көңілді ұнады. Қол шапалақтау.
Балалар қуанады, шаттанады. (Музыка өнеріне деген қызығушылығы артады)

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыканы тыңдауды, сипатын ажыратуды, әнді мәнерлеп айтуды
Игереді: Ноталарды сызықтарға орналастыруды
Меңгереді: Музыка әуенін сезініп, қимыл – қозғалысты.


Скачать


zharar.kz