Қара сексеуіл

Скачать

Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сексеуілдің галаксилон деген грекше аты тұзды ағаш деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан.
Сексеуіл көпжылдық бұта тектес өсімдіктер қатарына жатқызылады.
Ә) Мүшелер құрылысына сипаттама:
1. Тамыры: Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10 – 11 метрге дейін таралған.
2. Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр - бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.
3. Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4 - тен орналасады.
Гүлсеріктің күлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы – біреу.
4. Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді.
5. Гүлдеу мерзімі: Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.
6. Жемісі: - қанатты жаңғақша.
7. Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіліп, қараша айларында жерге төгіледі.
8. Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.
9. Өсуі: Сексеуіл жас өркендерінен, өсіп жетіледі.
Б) Сексеуілдің түрлері
Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар:
1. Ақ сексеуіл
2. Қара сексеуіл
3. Зайсан сексеуіл
Сексеуіл туысы көбіне Маңғышлақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі.
Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталайық.
Ақ сексеуіл (Саксаул белый). Биіктігі 6 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Діңінің диаметрі 10 - 20 см - ге жетеді. Қабығы жылтыр.
Діңіндегі қыртысының түсі сұрғылт, сары болып келеді. Дихотомиялы бұтақтанып кеткен морт және буындаған жас өркендері күзде қатаяды да, түсіп қалады. Ұзындығы 2 миллиметрдей ғана қабыршақ немесе ине тәріздес ұсақ жапырақтары сұрғылт жасылдау бұтақшаларға қарама - қарсы орналасады. Қос жынысты, гүлдері қысқарған өркенге шығады.
Кездесетін жері: Ақ сексеуіл Арал теңізінің, Алакөл және Балқаш көлінің Сырдария, Іле өзендерінің жағалауларында, Бетпақдалада, Қызылқұмда және Мойынқұмда, құмды шөлдерде, көшпелі құмдарда өседі. Қара сексеуілге қарағанда ол құм басуға, құрғақшылыққа төзімді, бірақ тұзға аса шыдамды емес, сондықтан ойпат жерлерде аз кездеседі. Қатты және үгітілгіш ағашы отқа жақсы жанады. Шөлді аудандарда егістің айналасына, ауыл шетіне құмнан қорғану үшін өсіруге болады.


Скачать


zharar.kz