Балаларға экологиялық білім беру мәселесі бойынша әдістемелік жұмыстың перспективалық жоспары

Скачать

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы,
Балдырған балалар бөбек бақшасы
МДМ экологиялық білім жүйесіндегі әдістемелік жұмыс

Бұл жұмысты әдіскер Хасенова Айжан Лұқманқызы тәрбиешілердің экологиялық сауаттылығын жетілдіру мақсатымен құрды. Мұнда тәрбиешілермен жасаған жұмыстарының түрлерін жазып, әр түрін (диагностикалық карта, теориялық кеңес, жобалық семинар, педкеңес) ашып көрсетті.
Пікір жазған: Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері А. Е. Бастыбаева

Кіріспе.
Табиғат біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпаққа жаңа экологиялық сезім қалыптастырылуы керек деп санаймын. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін біліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие және білім беру - қазіргі таңда айқын бағыттардың бірі. Жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
МДМ әдістемелік жұмыс - ол педагогикалық үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды бөлігі.
Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Балабақшада білім беру үрдісін экологияндыру үшін, барлық педагогтар оның қажеттілігін және өздерінің жауапкершілігін, баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік пен экологиялық санасын тәрбиелеудің маңызын сезіну керек.
Мектепке дейінгі педагогтардың экологиялық білім беру құрылымында үш аспектіні белгілеуге болады:
1. Экологиялық мәселені және мәселенің себебін түсіну, жаңа құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтау және жақсарту жұмыстарына қатысу.
2. Кәсіби деңгейін дамыту (педагогикалық шеберлік, шығармашылық қабілеттілігі, мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім беруге дайындығы ).
3. Балалармен экологиялық бағыттағы іс - әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші - ұстаздың кәсіби шеберлігі және жұмыс кезінде тиімді әдіс - тәсілдерді игеруі.
Балаларға экологиялық білім беру мәселесі бойынша әдістемелік жұмыстың перспективалық жоспары.
Мақсаты: Балабақшадағы білімдік жағдайды сараптау; педагогтардың балаларға экологиялық білім беру дайындығының диагностикасы; әдістемелік әдебиетпен таныстыру; экологиялық білім жүйесіндегі жаңа әдіс - тәсілдерді зерттеу.


Скачать


zharar.kz