Дөңгелекте бұрыш болама

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш .
Сабақтың мақсаты: Бұрыш, тіктөртбұрыш ұғымдарымен таныстыру.
Білімділік: Геометриялық фигураларды тани білу дағдыларларын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Есептер шығару, сандарды салыстыру, геометриялық
фигураларды ажырытуға үйрету.
Дамытушылық: Логикалықойлауын, ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу көрнекілік, ойын мадақтау.
Сабақтың көрнекілікгі: Сандар, геометриялық фигуралар, құстардың суреті, ағаштың
суреті ойындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Балалардың математика сабағына дайындау
назарларын сабаққа аудару.
Психожаттығу: Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Бар адамдар ардақтап
Бас иеміз біз.
ІІ. Өткенді қайталау
- Балалар қазір қай мезгіл? (қыс)
- Бір аптада неше күн бар? (7 жеті)
- Бүгін аптаның қай күні?
- Қай ай нешесі? (17 - ші ақпан)
1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қайталау.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тура санау.
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 кері санау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше. Себебі, бүгін бізде қонақта көп ұстаздарымыз бар. Сондықтан сабаққа жақсы қатысып, тәртіпті отырыумыз керек.
- Сендер математика сабағынанне үйренесіңдер?
- Санауды, 1 - ден 10 - ға дейінгі сандардан есеп шығаруды
- Енді балалар ілулі тұрған суретке назар аударайықшы?
- Нені көріп отырсыңдар?
- үй
- Дұрыс. Үй қандай фигуралардан құралған? Үшбұрыш, төртбұрыш,
тіктөртбұрыш.
- Балалар, бүгін біз геометриялық фигуралармен танысамыз.
Өтетін тақырыбыз: Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш.
- Мынау қандай фигура?
- Үшбұрыш, себебі мұның үшбұрышын көріп тұрсыңдар.
- Мынау қандай фигура?
- Дөңгелек
- Дөңгелекте үшбұрыш барма?
- Жоқ.
- Мынау қандай фигура?
- Тіктөртбұрыш
- Тіктөртбұрыштың төрт бұрышы бар. Оң, сол жағы тік ұзын.
Жоғары төмен жағы қысқалау болады.
ІҮ. Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
Ү. Дәптермен жұмыс:
Геометриялық фигуралардың суретін салғызу, бояумен бояу.
Кім тапқыр ойыны
Не жоқ ойыны
Кім шапшаң ойыны.
Табақта 3 алма, қолымда 1алма қосқанда барлығы болады неше алма?
3+2=5
Бұтақта 3 торғай отыр еді, 1 - еуі ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? 3 - 1=2
Жұмбақ:
Ұйқдан оянамыз,
Бетімізді жуамыз
Анамызға ереміз
Мектепке келеміз. (таңертең)
Серуенде жүреміз
Анамызды күтеміз
Апай сау болыңыз деп
Үйімізге кетеміз (түс мезгілі)
Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы
Ертегіні тындап алып
Тәтті ұйқыға батамыз. (түн)
Қорытындылау:
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?(балалардың алдарына жеке - жеке әр - түрлі фигуралар таратылып қойылады соларды көрсетеді)
Кім жылдам ойыны Төрт бұрышта неше бұрыш бар?
Үшбұрышта неше бұрыш бар?
Дөңгелекте бұрыш болама?
Үйге тапсырма:
Үйден геометриялық фигураларды салып келіңіздер.
Мадақтау:
Сабақта жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызшамен, төртбұрыш(геометриялық фигураларды тарту арқылы бағалау.)


Скачать


zharar.kz