Антонимдер туралы түсінік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Антоним туралы түсінік беру. Жасалу жолына тоқталу.
Тәрбиелік: оқушыларға табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Лексика дегеніміз не?
2. Сөздің мағыналарына нелер жатады?
3. Омоним дегеніміз не?
4. Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы, ұқсастығы.
5. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушылар тақтадағы берілген сөздердің қарама – қарсы мағынасын табыңдар. Әр оқушы қарама – қарсы мағынасын тауып, олардың қандай сөз табына жататынын анықтайды.
Осыдан оқушылардың өздеріне антонимге ереже құрғызу.
Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздерді антоним дейміз. Антоним грек тілінен енген сөз. Anti - қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Шартты белгісі: А А

Берілген қарама – қарсы сөздерді теріп жаз.
1. Ағаш кессең, ұзын кес,
Қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
2. Сүйкімді болат қанжар, тұрсын жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
3. Жоғары – төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.

Жаттығулар орындау

87 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Әсем, тез, шебер сөздерінің антонимдерін тауып жаз.

88 – жаттығу. Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке – жеке топтастырып жаз.

89 – жаттығу. Құпия, жас, шық, үйір, тіл, ер сөздерінің омонимдес, синонимдес, антонимдес сыңарларын тауып жаз.
90 – жаттығуды ауызша орындау
91 – жаттығуды жазбаша орындау

І V. Жаңа сабақты бекіту:
Антонимге мақал – мәтел не жұмбақ, жаңылтпаш айту.
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үй тапсырмасын беру.
1. Антонимдер туралы түсінік
2. 91, 92 - жаттығулар


Скачать


zharar.kz