Гобелен тоқу. (Кілемше)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Гобелен өнері туралы түсінік беру, оның шығу тарихын біле отырып, тоқылу технологиясын үйрету.
2. Дамытушылық - Оқушыларды қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасауды үйрету, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өздігінен ойлау қабілеттерін және саусақ қимылдарының шеберлігін дамыту.
3. Тәрбиелік – Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, ұлттық дәстүрді білуге, шеберлікке, әсемдікті сезіне білуге, шыдамдылыққа, өз бетінше жұмысты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік, техникалық құралдар:
1. Компьютер, экран, технологиялық карта, слайд
2. Кенеп мата, тоқитын құрал, әр түрлі тоқыма жіптер, дайын бұйымдар.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі – аралас сабақ.
Сабақтың әдісі - баяндау, демонстрациялау, сарамандық.
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау. Әркімге керек қолөнер.
Он саусаққа, он өнер.
Түгел болар дүниең.
Біліп алсаң оны егер.
Тоқбосынова Нұрсұлу өзінің Гобелен әдісімен кілем тоқу атты ғылыми жұмысынан гобеленнің шығу тарихы туралы баяндама оқиды. Баяндамада айтылғандай қазақ кілемдерінің тарихы байырғы сақ, үйсін, ғұн өнерінің мұралары. Ал гобелен өнеріне келер болсақ, ол өте күрделі өнер. Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Гобелен өнерінің сәндік – қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқынды дамуы 1970 жылдардан басталды. Слайд көрсету.
ІІІ. Бекіту сұрақтар беру
- Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?
- Гобелен дегеніміз не? (қолдан тоқылған түскиіз, кілем, панно)
- Гобелен деп атау себебі не?
- Гобеленнің отаны?
- Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?
- Қазақ гобеленінің негізін салушы кім?
Тұңғыш гобеленші қазақ қызы?
- Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан суретшілерімізді ата? (Қ Тыныбеков, Б Зәуірбекова, Ә Балапанова, З Мұхамеджанұлы т б.)
IV. Жаңа сабақ Міне, Нұрсұлудың баяндамасын мұқият тыңдадық, көп ізденгені көрініп тұр. Жалпы іздену, қосымша материалдармен жұмыс істеу шығармашылық жұмыстың бастамасы. Ендігі сабақтарымызда біз инемен тоқу (әдісін білеміз) композициялық шығарма бейнелейік. Технология пәні басқа пәндермен тығыз байланысты. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлермен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Ол шығарманы терең қызығушылықпен оқып шығу керек. Өлеңді оқи отырып, табиғаттың әсемдігін, әдемілігін танимыз. Жергілікті белгілі ақын Жабайыл Бейсенов Тарбағатай өңірін жырлаған өлеңінде табиғатты былай жырлайды.
Тарбағатай өзіңе қарап тұрмын,
Бақытыма елімнің балап тұрмын.
Тарам – тарам сайыңнан аққан сулар,
Сіңіп жатыр бойына тарап қырдың.
Сұлулыққа сұқтанған дертімді ұғын,
Сал - самалың өтеді желпіндіріп.
Аспаныңда қалқыған ақ бұлттардың,
Жүрер ме еді ішіне еркін кіріп.
Сәукеледей бастарың мұз қаптаған,
Құдіретті – ау құзың да бұлғақтаған.
Төбең жайлау құлпырған төсің егін,
Майыстырып масағын күн қақтаған. Өлеңді оқып, аспанмен тірескен Тарбағатай тауын, мұз басқан шыңын, көк майса жайлауын көз алдымызға елестетіп қағаз бетіне түсіріп көрейік.
Тарбағатай баурайында деп аталатын композициялық шығармамызды алдымен қағаз бетіне түсіріп, одан матаға эскизін жасап, түс үйлесімдігін таңдай отырып, инемен тоқу әдісімен өрнектейік.
Сергіту сәті
Жұмбақ шешу.
1. Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. ( БОР ).
2. Кірш – кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді. (ине)
3. Дүниеде бір жәндік бар үйретілген,
4. Қалады жерге түсіп шайнағаны. (қайшы)
Мойнында жібек арқан сүйретілген.
Алдыңа тапқыш болсаң сала айтайын,
Қолға алсаң көп жұмысты сол бітіреді.. (ине)
Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші - суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші - бояушы суреттегі түрлі - түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.( біз дайын жіптерді пайдаланамыз.)
3. Гобеленші - картоньер кіші қағаздағы суретті тоқылмақшы гобелен өлшеміндей картонға бояулы етіп салады.
4. Гобеленші - тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.
Қауіпсіздік ережесін қайталау..
• Жұмыс киімін киеміз;
• Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
• Ине ұстау кезінде инені оң қолыңмен ұста;
• Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
• Тоқылу әдісінің арақашықтығы 3 - 4мм болады;
• Тоқылу әдісінде жіптер мата бетін толық жауып, суретті нақтылай тоқу керек.
Технологиялық нұсқау карта
V. Сарамандық жұмыс Біз инемен панно тоқу
Қажетті құралдар: Кенеп мата, тоқитын құрал, әр түрлі тоқыма жіптер, дайын бұйымдар.
Сабақты қорыту. Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
VII. Үйге тапсырма беру. Гобелен туралы, Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу