Мынау мектеп

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Мектеп
Сабақтың мақсаты:. 1 Оқушыларға мектеп туралы, оның жұмысы, мектептегі үйірмелер жайында түсінік беру. Достары жайында әңгімелеу.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, бір – бірімен тілдесуге, диалог жүргізуге дағдыландыру.
3. Өздерінің білім алып отырған білім ордасын құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, диалог құрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, тапсырмалар орындау, ассосация құрау, дидактикалық ойын.
Сабақтың көрнекілігі: мәтіндер, тапсырмалар, суреттер, смайлдар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды М. Мақатаев атамыздың өлең жолдарынан бастайық, бірге оқып шығайық.
Мектебің мынау, класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Кезекшімен диалог:
- Бүгін нешесі?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Қазір қандай мезгіл? (Көктем)
- Көктем айларын ата (наурыз, сәуір, мамыр)
- Қазір көктемнің нешінші айы?(бірінші)
- Көктемде ауа - райы қандай?(күн жылынады, құстар ұшып келеді)
- Балалар кім сабаққа белсенді қатысып отырады және де тапсырмаларды кім дұрыс орындайды, сол оқушы смайл алады.
- Ал енді балалар, топқа бөлінейік. Мына түстерді таңдаңдар.
1 топ 2 топ 3 топ
Сары Көк Жасыл
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Мектеп, білім туралы мақал - мәтелдер жаттау.
- белсенді оқушыға смайл беру. (Бір, екі оқушыдан айтады)
3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақты шешейік.
Мына сөздердің орысша баламасын қазақшаға аудару арқылы сөзжұмбақ шешеміз.
1. Учитель
2. Школа
3. Книга
4. Доска
5. Тетрадь
6. Предмет
- Смайл беру.
- Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: МЕКТЕП
- Мектеп туралы не білеміз?
- Мектеп сөзін естігенде қандай ассосация туады?
Мектеп
- Мектеп туралы слайд көрсету
- Ал енді балалар, осы тақырыпқа диалог құрастырайық.
- Мектебің қай көшеде орналасқан?
- Менің мектебім Панфилов көшесінде орналасқан.
- Мектебің неше қабатты?
- Мектебім үш қабатты.
- Мектебің қандай?
- Мектебім үлкен, жарық, әдемі, кең
- Мектебің саған ұнай ма?
- Иә, әрине
- Мектеп директоры кім?(А. П. Плотко)
- Мектепте қандай кабинеттер бар?
- Тағы нелер бар?
- Сонымен балалар, біз қандай жұмыс атқардық?
- бір - бірімізбен пікір алыстық.
- Біз диалог арқылы сөйлестік.
- диалог дегеніміз не?
- диалог дегеніміз екі адамның бір - бірімен пікір алысуы, әңгімелесуі.
Сергіту сәті:
4. Тапсырмаларды орындау.
- Біз диалог құрып көрдік. Ал енді мәтінмен жұмыс орындаймыз. Мәтін арқылы диалог құрайық. Сол себепті алдарыңыздағы мәтінді оқып, аударамыз. Сол мәтін бойынша әр топ тапсырма орындайды.

Мәтін
Мынау – мектеп. Ол үш қабатты. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика т. б кабинеттері бар. Олар кең, жарық. Мұнда бір асхана, спорт залы, емдеу кабинеті бар. Оқушылар кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады. Мектеп - білім ордасы. Біздің мектепке қош келдіңіздер!
1 топ-----------------------------------2 топ
- Мынау не? ---------------------- Мынау.............?
- - Мынау мектеп.
- Мектеп неше қабатты? ------- Мектеп неше.............?
- - Мектеп үш қабатты.
- Қандай кабинеттер бар? -------- Қандай кабинеттер.....?
- - Мектепте қазақ тілі, орыс тілі кабинеттер бар.
- Олар қандай? ------------------------ Олар.......?
- - Олар кең, жарық.
- Тағы нелер бар? - Тағы нелер..........?
- Мұнда бір асхана, спорт залы бар.
- оқушылар не істейді? -----------Оқушылар не........?
- Оқушылар кітап оқиды, дәптерге жазады.
- Мектеп дегеніміз не? -----------Мектеп дегеніміз........?
- - Мектеп – білім ордасы

3 топ:
- Мынау не?
- Мынау -..............?
- Мектеп неше қабатты?
- Мектеп........ қабатты.
- Қандай кабинеттер бар?
- Мектепте.....,......, бар.
- Олар қандай?
- Олар......,......,.
- Тағы нелер бар?
- Мұнда.......,,........ бар.
- оқушылар не істейді?
- оқушылар...... оқиды,.... жазады.
- Мектеп дегеніміз не?
- Мектеп -....... ордасы.

Кім жақсы қатысты, соған смайл беру.
Мәтіннен негізгі сөздерді табайық.
Білім, мектеп.
1 топ тапсырма 2 топ тапсырма
Мектеп сөзін септеу Мектеп сөзін тәуелдеу.
А. мектеп Менің мектебім
І мектептің Сенің мектебің
Б мектепке Сіздің мектебіңіз
Т мектепті Оның мектебі
Ж мектепте
Ш мектептен
К мектеппен
3 топ тапсырма
Мектеп сөзіне үш сөйлем құрау.
- Оқушылар бір - бірінің жұмысын тексереді.
- Оқушыларды бағалау.
5 - бір қате
4 - 2 - 3 қате
3 - 4 - 5 қате
- Кім дұрыс орындады, сол оқушының жұмысын оқыту (смайл беру).
5. Дидактикалық ойын: Сөйлемдерді дұрыс құрау.
1. барды, мектепке, балалар, таңертең
2. сабақта, өтті, жаңа, тақырыптар
3. екі, қабатты, мектеп
4. көп, оқиды, оқушылар, мектепте.
6. Қорытынды.
- Біз бүгін не жайлы әңгімелестік?
- Сонымен біздің мектебіміз қандай?
- Неше қабатты?
- Нелер бар?
7. Үйге
- Үйге тапсырмасын беру.
- 5 – Мектеп тақырыбына сөйлем құрау.
- 4 – мектеп тақырыбы бойынша 3, 4 сөз тіркесін құрау.
- 3 - мектеп тақырыбы бойынша сурет салу.
8. Бағалау.
Смайлдарына сай бағалау.
9. Қоштасу. Кімге сабақ ұнады, тілектеріңізді жазып қалдырыңыздар.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.


Скачать


zharar.kz