Тақырыбы: Маңғыстау – менің мекенім
Мақсаты: Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып, ғасырдан - ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани - адамгершілік қасиеті, ерлік рухы, әсемдік сезімі жетілген тұлғаны қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің пайда болуы, олардың дамуы.
- Маңғыстау халқының мәдениеті мен өнері туралы түсінік беру.
- Маңғыстау халқының сәулет өнерінің дамуы мен ерекшеліктері.
Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының да маңызы ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.
Тарихи - аймақтану саяхаттың барысында анкеталық сұрақтар жүргізілді. Оқушылар пән сабақтарында меңгерген білімдерін пайдаланды.
1. Маңғыстау өлкесі Қазақстанның қай жағында орналасқан?
2. Маңғыстауда қандай теңіз бар?
3. Маңғыстауда қандай және қанша жер асты ғимараты бар?
4. Шақпақ ата мешіті қай ғасырға жатады?
5. Шақпақ атаны кімнің шәкірті деп атайды?
6. Шақпақ ата Маңғыстау өлкесінде қандай қызмет атқарды?
7. Шопан ата ескерткіші қай ғасырға жатады?
8. Шопан атаның ұрпаққа білім берудегі орны
9. Бекет ата ескерткішінің маңызы?
Тарихи - аймақтану саяхаттарын өткізу барысында тәжірибелік - эксперименттік жұмысты ұйымдастыру барысында бастапқы оқушылардың білім мен тәрбие деңгейі 45% екенін айқындады. Тарихи - аймақтану саяхатын өткізіп болғаннан кейін оқушылардың білім мен тәрбие деңгейі 77% өскені байқалды.
Тақырыбы: Отпантау – Адай ата кесенесі
Мақсаты: Адай ата кесенесінің тарихын білу. Сәулет өнерінің салыну сырларын ұғыну.
Адай ата кесенесі жайлы сынып сағатын өткізерде, алдымен тәрбие сағатының тақырып жоспары айтылады. Оқушыларға кесене жайлы материалдар, суреттер дайындауға тапсырма беріледі. Бұл кезде мұғалім әр оқушының ерекшелігі мен бейімін есепке алады.
Жүрісі: Жеке Топтық Ұжымдық
Үйге тапсырма:
Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының да маңызы ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.
Материалдар жинау барысында мұғалім оларға бағыт - бағдар сілтеп отырады. Бұл жерде тапсырма алған оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Мұндай істе оқушы мынадай жұмыстарды атқарады:
- Басылымдар мен кітаптардағы деректерді жүйелеп жинастырады.
- Өздігінен жұмыс істеу қабілеті ұшталады, сенімі күшейеді.
- Қызығушылығы оянады. Белсенділігі артады. Жауапкершілігі күшейеді.
Тәрбие сағатын өткізуге дайындықтың өзінде де оқушыларды тәрбиелеу жүреді. Бұл жеке тұлғаның қалыптасып, дамуында тәрбиенің үздіксіз жүретіндігін көрсетеді. Тәрбие сағатына оқушылар күшімен Адай ата кесенесінің суреті, Адай ата туралы аңыз - әңгімелер, өлең - жырлар дайындалады.
Кіріспе бөлім:
Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде Адай ата кесенесінің тарихы айтылады. Оқушыларға кесене туралы толық мәліметтер беріледі. Алғаш кесене тұрғызу туралы 2004 жылы ұсынысты жасаған – Сабыр Адай туралы мәлімет беру.
Негізгі бөлім:
Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде оқушылар топтық және ұжымдық дәрежеде жұмыс жасайды. Мәселен, бір оқушы Адай ата кесенесінің тарихы туралы, екінші оқушы Отпантау, Ұран оты туралы, үшіншісі Көк бөрі туралы әңгімелейді. Бұл жерде тарихи хронологиялық кезең қатаң сақталынады. Тұлғаның тарихтағы алар орнына сипаттама беріледі.
Қорытынды бөлім:
Отпан тау – жеріміздің төрі, Адай - Ата кесенесі – еліміздің мөрі тақырыбында әр топ өз ойын қорытады.
Мектеп мұғалімдерінің ең үлкен міндеттерінің бірі Мәдени мұра бағдарламасына сәйкес таным мен рухты ұрпақтар санасына құя білу. Бұл жұмыс әрине жүйелі түрде жасалуы тиіс. Тарихи кесенелер тарихын, сәулет өнерінің сырларына жетелеу арқылы бала көкірегін имандылық нұрымен сәулелендіреміз. Оқушыларды Мәдени мұра бағытында тәрбиелей отырып, олардың бойында бірнеше қасиеттерді тәрбиелей аламыз.
Сонымен, тарихи - мәдени мұраларды оқып үйрену – рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды шарты:
1. Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы оқушыларда рухани - адамгершілік құндылықтар қалыптасады. Рухани - адамгершілік құндылықтарға – өз ұлтының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады.
2. Тарихи - мәдени мұраларды оқып үйрену оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
3. Қазақ жерінде тарихи ескерткіштерді білу оның тұрғызылуы себебін және тұрғызған адамдарды білу оқушыларға өз халқымен, өз Отанымен мақтануға және биік рухта тәрбиеленуге көмектеседі.
Енді сол ескерткіштерді қастерлі, қасиетті мұра ретінде, оны дәріптеуге, бағалауға оқушыларды тәрбиелеуге өріс ашу қажет.
Тәрбие құралы – сөз деп ақиық ақын Олжас Сүлейменов айтқандай, асыл қазынамыздың қасиетін ұрпағымызға ұғындырсақ, еліміздің ертеңі, қонар тұғыры биік болатыны айқын.