Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Біздің ойыншығымыз
Мақсаты: Білімділік: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
Дамытушылық: Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуға жаттықтыру. Тәрбиелік: Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Демонстрациялық материал (күшік, мысық, лақ, қозылардың суреттері).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: қозылар, күшіктер.
Билингвальды компонент: қозы - ягненок, күшік - щенок.
Педагогтің іс – әрекеті
Шаттық шеңбері.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер - ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің, ана - әкелерің ботақаным, қошақаным, құлыным деп еркелетеді ма?
- Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың төлдерінің аттарымен еркелетеді екен.
- Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Олардың төлі қалай аталады?
- Бірнеше қозыны қалай атаймыз?
- Бірнеше күшікті ше?
Үй жануарларының суретін бояу.
Билингвальды компонент: қозы – ягненок, күшік - щенок.
Сергіту сәті:
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Не қалай дыбыстайды дидактикалық ойыны.
Шарты: үлестірмелі суреттерді пайдалана отырып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталайды.
Педагог жануарлардың суретін көрсетеді.
- Бұл не?
- Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?
- Мынау не?
- Қой төлін қалай атаймыз?
- Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен үй жануарлары және оның төлдерін атап, қалай дыбыстайтынын сұрау.