Сабақтың тақырыбы: Алтын балта
Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнын ашып, идеясын түсінуге, мәтінді талдауға, ойын жүйелі жеткізе білуге машықтандыра түсу.
а) білімділік: Ертегілер туралы білімдерін толықтыра отырып, оқыған ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау.
ә) дамытушылық: Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
б) тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, адал болуға тәрбиелеу. Дүниеқоңыз болмау, іші тар, қызғаншақ болмау сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, проектор, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау - мотивациялық кезең
Психологиялық дайындық
Ертегі терапиясы
Ертегі кейіпкерлерін таңдау
Диірмен: - Бүгінгі сабақ сіздер үшін табысты болмақ. Сабақ бойы жақсы нәтижеге жетесіздер.
Кедей: - Бұл сабақтан кейін сіздер дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал, еңбекқор болып, арман – тілектеріңізге жетесіздер.
Бай: - Бүгінгі күннен бастап білімдеріңіз еселене түспек.
Балта: - Сіздер үшін бұл сабақта шешімі жоқ сауал, жауабы жоқ тапсырма болмайды.
Үй тапсырмасын сұрау
Ажалдан құтқарған асыл сөз ертегісінің мазмұнын сұрау
1. Шөл қысқан хан;
2. Қырсық қойшы;
3. Сұңқар мен шөже торғай хикаясы;
4. Ханның сөзден жеңілуі;
Қызығушылықты ояту.
Мульфильмінен көріністер көрсетіледі.
1. Әр көріністі салыстырып, сұрақтар қойылады.
1.
- Суретте екі баланың бір - бірінен айырмашылығы қандай? Неліктен?
- Сол жақтағы суретте еңбекқор бала, оң жақтағы бала кер жалқау бала.
2.
- Еңбекқор бала бақшасын қалай күтуде?
- Бақшаға өскен арам шөптерді жұлуда.
- Жалқау баланың бақшасының жағдайы қандай?
- Бақшада арам шөптер қаптап өскен. Бақшасы күтусіз қалған.
3.
- Табиғаттың құбылысына балалардың іс - әрекеттері қандай? Әр баланың көңіл - күйі қандай?
- Еңбекқор бала шаттануда. Жалқау бала үйіне тығылуда.
4.
- Балалар орманға демалуға бара жатыр. Еңбекқор бала көңілді, ән салуда. Жалқау баланың жағдайы не болды?
- Ол өзеннің ортасына қойылған ағаштан өте алмауда.
5.
Проблемалық сұрақ.
- Соңғы суреттен жалқау бала қайсы? Оны қалай таныдыңдар? Ол өзгерді ме? Оның өзгеруіне көмектескен, жалқаулыққа мойымауға көмектескен кім?
- Еңбекқор бала.
- Бұл мультфильмді теледидардан көргендерің бар ма? Қалай аталады?
- Ендеше, бүгінгі сабағымызда еңбек жайлы ертегі оқимыз.
ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық - орындаушылық кезең
Ертегі Алтын балта .
Ертегі үнтаспадан тыңдатылады
• * Еркін оқу. Оқулықтағы мәтінді үнсіз оқу, ол үшін оқушылар еріндерін жиып, саусақпен басады.
• * Найзағай оқуы. Жарты дауыспен баяу және жылдам оқуды кезек алмастырып оқу.
• * Канон оқуы бір оқушы бастайды, екінші оқушы 1 - 2 сөйлемнен кейін қосылады.
№1 тапсырма. Сұраққа жауап береді.
1. Кедей қайда барды?
2. Балта қайда барып түсті
3. Диірменші не істеді, қандай балталар ұсынды?
4. Диірменші қартқа неліктен алтын балта берді?
5. Бай не істеді?
6. Ертегі қалай аяқталды?
№2 тапсырма.
Балта сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
Үлгі:
• Не? Балта
• Қандай? Алтын, темір
• Не істеді? Алды, түсірді, берді.
• Сөйлем. Мен балтамен ағаш жардым.
• Мағыналас сөз. Құрал.
№3 тапсырма. Оқушылар кестедегі сөйлемдерге өз ойларын білдіреді.
Ақылды болсаң, бай боласың. Бай болсаң, ақылдың қажеті жоқ.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтіннен жасыл түспен ерекшеленген сөздердің кімге қатысты екенін айтқызу.
2. Қара түспен ерекшеленген сөздердің кімге қатысты екенін табу;
Сұрақ: Ертегідегі негізгі идея не?
Сергіту сәті.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Ертегілердің мазмұнына сәйкес тест беріледі.
Тест.
1. Кер жалқау сөзінің мағынасы қандай?
А) қырсық, қыңыр;
Ә) малжанды;
2. Қарттың суға түсіріп алған балтасы қандай еді?
А) Күміс балта;
Ә) Темір балта;
Б) Алтын балта;
3. Қарт қандай жан?
А) Құлқыны тоймаған қу;
Ә) Дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан;
Б) Күншіл, көре алмайтын жан;
4. Еңбегінен берекет тапқан кім?
А) Диірменші;
Ә) Қарт;
Б) Бай;
5. Оқыған шығарма ертегінің қай түріне жатады?
А) қиял - ғажайып ертегілер;
Ә) жануарлар туралы ертегілер;
Б) шыншыл ертегілер;
Тест тапсырмаларының жауаптары:
1. А 2. Ә 3. Ә 4. Ә 5. Б
Тесттің жауабы тексеріледі.
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Ертегіні мазмұндау.
1. Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.