ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу
1) Так, так, так
Бәрін бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2) Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 В сыныбынан.
3) Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
5) Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән: Біз өмірдің гүліміз (қыздар)
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Ән: Әліппе
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
6) Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
7) Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
8) А дегенің Асия
Асия деген мен бала.
9) А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
10) Әбілмансұрды білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
11) Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Даниал келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.
12) Ж дегенің Жанбота
Жанбота деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
13) Азат деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
14) Н әрпі Надиямын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
15) Сая деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
С әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
16) Т дегенің Төлегенұлы Төлеби
Әріптерден қаламын ба мен,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық.
17) Х дегеніңіз Алихан,
Х - ны білу керек бұл.
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар - деректер.
18) Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Ән Балдырғандар әні
Әліппе:
- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Әліппе: Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
19) 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
20) 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
21) 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
22) 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
23) 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
24) 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
25) 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
26) 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
27) 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
28) 10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
Әліппенің тапсырмалары.
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсын
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында Кукарела биі.
Математика сабағында үйренген сергіту сәтін айтып көрсету.
29) Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
30) Қош бол, құтты Әліппем,
Қош бол, құтты Әліппем!
1. Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,
30) Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
31) Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Ән Ертегілер
32) Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
33) Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән Ана
Көрініс Бауырсақ
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен. Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән Қош бол құтты әліппе!
Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.
Қош бол, құтты Әліппем!
1. Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в...
2. Өзім оқып кітапті,
Жалынбадым ағама.
Қуанды апам оқудан,
Алған бестік бағама.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в...
3. Қош бол, құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы апам болып сен,
Айыбымды кештің сен.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в...