Дін - тәрбие діңгегіМақсаты

Скачать

Тақырыбы: Дін – тәрбие діңгегі
Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Абай энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, слайд.
Сабақтың түрі: аралас

I. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
II. Ислам діні - таза, күшті, құдіретті дін .
III. Алланың өзі де рас, сөзі де рас -
IV. Қазақтың қара өлеңдері
V. Сұрақ – жауап

Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.
Соған орай бүгінгі тәрбие сағатымызға мешітінің бас имамы – Химелден ата келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.

Ислам – адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін - өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.

Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т. б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т. б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам – басынан аяғына дейін құрылымы жетілген нағыз керемет дін. Алланың өзі де рас, сөзі де рас - Максим Исламбек

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез - кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де - Жайықбаев Семсер
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.

Дін - ғылымның анасы - Шман Арай
Дін - ғылымның анасы,
Дін - ғылымның әкесі,
Ғылым - діннің баласы,
Дін - ғылымның көкесі!!!
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар!


Скачать


zharar.kz