Пүліш - жұмсақ мата

Скачать

Бізге қуыршақтар келді
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін құрастыруға үйретуді жалғастыру. Заттардың белгілерін атауға үйрету (үлкен, кішкентай, әдемі, сәнді) Көрнекіліктер: қолында ойыншықтары бар балалардың суреті
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Әңгімелесу
Сөздік жұмыс: әдемі, көйлек
Үштілдік компонент: әдемі - красивый -, платье – көйлек

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
(М. Жаманбалинов)

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Балаларға қонаққа қуыршақ Шолпан мен інісі Қанат келеді. Сурет бойынша жұмыс.
- Қараңдаршы, қандай әдемі, беті - қолы тап - таза. Шолпан қандай көйлек киіп алыпты?
- Қанат үстіне қандай жейде киіп алған?

Билингвальды компонент: әдемі - красивый, платье - көйлек
Балалар, Шолпан мен Қанат сендермен Мынау не? ойынын ойнағысы келеді.
Топтағы ойыншықтарды, оның ішіндегі Аюды көрсетіп;
- Мынау не?
- Бұл - аю. Бұл жұмсақ пүліштен жасалған үлкен аю. Пүліш – жұмсақ мата. Ал мынау кішкентай қонжық, аюдың баласы.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
(Т. Бердияров)
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Жеке жұмысты қажет ететін балалармен сүйікті ойыншықтары туралы және олардың не себепті ұнайтынын сұрау.

Рефлексиялық - түзетушілік
Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ - жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс - әрекетін қорытындылайды.


Скачать


zharar.kz