Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін,
ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Көрнекіліктері:1. Мұқағалидың суреті
2. Анасының суреті
3. Ақынның жары
4. Ақынның балалары
Дәйек сөз: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.
1. Ақын жырларын мәнерлеп оқу:
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе халық.
2. Балаларына арнаған өлеңдері:
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Мұқағали
3. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
4. Қорытынды: Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған .
Мұқағали
Кеш соңында әндерін орындаған, мәнерлеп оқыған оқушыларды марапаттау.
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған
поэзия кеші
Армысыздар құрметті халайық.
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.
Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 81 жасқа толар еді.
Жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда Социалистік Қазақстан , Қазақ әдебиеті газеттерінде, Мәдениет және тұрмыс , Жұлдыз журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында Советтік шекара газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп жырлап ақынның өлеңдеріне кезек берейін.
Арыз жазып кетейін Қайрат 7 а - класс оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
Поэзия өлеңі. Үкілім 7 а – сынып оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали - өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан. Ол Жазылар естеліктер мен туралы деп өз өлеңінде тектен тек айтылмаған. Олай болса, ақынның Жазылар естеліктер мен туралы өлеңіне кезек берейік. Мәнерлеп оқитын 7-сынып оқушысы Шынтас Фариза 6 б - класс.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң Шеше, сен бақыттысың деген өлең жолдары дүниеге келеді.
Шеше, сен бақыттысың өлеңі мәнерлеп оқитын 5 – сынып оқушысы Смадияр Айша.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші. Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейін.
1. Автограф Гүлзат 6 б – класс
2. Мен таулықпын Шәкәрім 6 а – класс
3. Махамбеттер, Абайлар Фариза 6 а – класс
4. Әй, өмір Зарина 6 б – класс
5. Қара өлең Құндыз 6 а – класс
6. Жүрек арызы Фариза 11 – класс
7. Пай – пай өмір Гүлбақыт 5 а – класс
8. Күрсінбеші Жалғасбек 6 а – класс
9. Барлығы да сендердікі Айжан 5 б – класс
10. Өмір жайлы Абылай 5 б – класс
11. Әке, әкеме Самал 5 а – класс
12. Ей, өлең Ирина 6 б – класс
13. Елім барда Салтанат 6 б – класс
14. Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен Зарина 6 б – класс
15. Менің мақсатым Айдана 7 б – класс
16. Кең дүние төсіңді аш, мен келемін Нұртуған 5 б – класс
17. Үш бақытым 4-класс оқушылары Гүлнұр, Қыдырәлі, Азиза
18. Шыда, шыда Қайрат 7 –класс
19. Қарасаз Нұртуған 6 –класс
20. Жырласам ба екен? Гүлжайна 7 –класс
21. Жастық Бейбарыс 7 –класс
22. Ажалға Абай 7 –класс
23. Өзгереді Нұрлыбек 8-класс
24. Дәрігерге Асқар 9 –класс
25. Аққулар ұйықтағанда поэмасынан эпилог Нұртуған 8 –класс
26. Халыққа хат Асылан 7 –класс
Жүргізуші: Рахмет!
Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балаларын жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Балалары десе ішкен асын жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың балаларына арналған жыр жолдарына кезек берейік.
Майгүлге (1-ші, 2-ші өлеңі) Гүлзина мен Лида 7 б – класс
Майгүлге Сансызбай Ақбота 5 а – класс
Шолпаным Айдана 5 а – класс
Ұлыма Жамбыл Ерқанат 5 б – класс
Арманда, ұлым Гүлзат 6 б – класс
Жүргізуші. Рахмет!
Жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
Махаббат диалогы 2 оқушы Құнан мен Назерке 6 – класс
Ғашықпын Салтанат 7 б – класс
Мен сені сағынғанда 6 –класс Назерке
Жүргізуші: Рахмет.
Жүргізуші: Ақынның Аманат жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері Есіме мен алғайсың , Күрең күз , Сәби болғым келеді , Құттықтаймын мама, туған күніңмен , Тоқта балам! (атаң келеді артыңда) , Саржайлау , Фаризаға , Дариға, домбыраңды бері маған , Бала ғашық , тағы басқа әндері.
Олай болса, ақынның әндеріне кезек берейік.
1. Жарығым-ай Нағашыбай Нұржан мен Шәкәрім 6 а – класс
2. Көнеміз де Нұржан
3. Құттықтаймын мама, туған күніңмен Ералиева Мадина
4. Құмған алған домбырада 7 б – класс оқушысы Жантөре Ақерке
5. Күрең күз Жұматай Тұрсынай 9 –класс
6. Құрманалы Жеңісбек 11 –класс
7. Сілтеу Ислам 11 –класс
Жүргізуші: Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін.
Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың Мұқағали есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Жүргізуші: Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағайға береміз.
(Кеш барысында мәнерлеп оқуда, әндерін орындауда көзге түскен оқушыларды марапаттайды).
Жүргізуші: Рахмет, ағай.
Жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау, болыңыздар!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Басықара аулы, № 182 мектеп кітапханашысы
Қоңырбаева Закира Абенқызы