Пәні: бейнелеу өнері
Тест тапсырмасы.
1. Қазақ халқының сәндік, дәстүрлік кәсіби өнері:
А) бейнелеу өнері
В) сәулет өнері
С) дизайн өнері
D) мүсін өнері
Е) қолөнері.
2. Ерте заманнан бері келе жатқан қалыңдықтың бас киімі:
А) тақия
В) бөрік
С) кимешек
D) ақ жаулық
Е) сәукеле.
3. Тегістік бетіндегі мүсіндік бейнелеудің түрі:
А) барельеф (рельеф)
В) бюст
С) скульптура
D) монументальды мүсін
Е) станокты мүсін.
4. Адам скелеті бас сүйек, кеуде бөлігі, және қол - аяқ сүйектері деп 3 - ке бөлінеді. Мойын қай бөлікке жатады?
А) бас сүйекке
В) кеуде бөлігіне
С) қол - аяқ бөлігіне
D) бас пен кеуде бөлігіне
Е) ешқайсысына жатпайды.
5. Жібек матаға бояумен орындалған Қытай живописі:
А) гохуа
В) батик
С) фактура
D) мозаика
Е) гобелен.
№2. Менің досымның портреті тақырыбына сурет салу.