Алтын адам табылған жер

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Тарихты білу – парызым

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Еліміздің тарихы туралы оқушылардың білімдерін пысықтау.
2) Тәрбиелік: Отанын, елі сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р Карта, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Сайыстың кезеңдері
1) Топ басшылар сайысы
2) Сандар сыры
3) Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында
4) Тарихи терминдер

1) Топ басшылар сайысы
Екі топ жетекшісіне ортақ 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап – 2 ұпай.
1. Ежелгі тас дәуірі ( палеолит)
2. Диуани хикмет еңбегінің авторы: (Қ. А. Яссауи)
3. Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағам ( Наурыз көже)
4. Қазақ халқының негізін қалаған хандар: ( Керей мен Жәнібек)
5. Халықтардың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін зерттейтін ғылым ( Этнография)
6. ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
7. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі қанша жылға созылды? (150 жылға)
8. Ш. Уәлихановтың дүниеге келген жері (Құсмұрын)
9. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан Тәңірі)
10. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
2) Сандар сыры
Берілген сұрақтарға тек қана санмен жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап - 3 ұпаймен бағаланады.
І. топ
1) Әл - Фараби қай жылы дүниеге келді? (870)
2) Отырар опаты болған жыл? (1218)
3) С. Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14)
4) Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:(1723)
5) Қазақ ғылым академиясы ашылды: ( 1946)
6) Қазақстанда тың жерді игеру басталды: (1954)
7) Екінші дүниежүзілік соғыс қай жылы аяқталды? ( 1945)

ІІ топ.
Шілікті қорғанынан табылған қола жебе саны (13)
Әл-Фарабидың қайтыс болған жылы? (950)
Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі (1726)
Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты: (1815)
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (10)
Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? (1997)
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жыл ( 1939)

3) Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында
(шығармашылық тапсырма)
Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің жетістігін суретпен бейнелеу тапсырылады. 10 ұпаймен бағаланады.

4) Тарихи терминдер
Берілген мәліметтер бойынша лауазым иесін табу қажет. Дұрыс жауап - 5 ұпай.
1. Әділдігі, әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам (би)
2. Қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым ( елтебер)
3. Оғыз мемлекетінің билеушісі (жабғу)
4. Моғолстандағы хан кеңестшісі (инақ)
5. Ру билігін жүргізетін адам ( рубасы)
6. Феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы (бек)
7. Хан кеңесшісі (уәзір)
8. Ауыл билігін жүргізетін адам ( ауылбасы)
9. Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ ( батыр)
10. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші, олардың қамқоршысы ( атабек)
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Жеңген топты марапаттау


Скачать


zharar.kz