Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелерімен танысу

Скачать

ОҚО, Сарыағаш ауданы,
№127 Т. Бердияров орта мектебі.
информатика пәні мұғалимасы Бориханова Мадина

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты функциялар. Калькулятор қолданбасын оқуға дайындау.
Бағдарламалық - дидактикалық қамсыздандыру: Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелерімен танысу. Стандартты функциялармен танысу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру.

Білім мен біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:
Қойылатын талаптар: - арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтін
түрінде жазу ережелерін;
- негізгі стандартты функцияларды;
- калькулятордың арналуын;
- калькулятордың қандай режимдері бар екенін;
- қажетті анықтамалық ақпаратты алуды;
- мәтін түрінде терілген арифметикалық өрнектерді калькуляторға қалай тасымалдауға және нәтиже алуға болатынын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазуды;
- калькуляторды іске қосуды;
- калькулятор түрлерін ауыстырып қосуды;
- сандарды теріп, олармен есептеулер жүргізуді;
- калькулятор жадын пайдалануды;
- алмасу буферін пайдаланып, күрделі есептеулер жүргізуді.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушыларды, түгелдеу, өткен сабақты сұрап бағалау;
3. Жаңа сабақ.
4. Тесттік сұрақ - жауап.
5. Қорыту, бағалау, үйге тапсырма беру.

Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерге бөлінеді.
Арифметикалық өрнек - бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.
Алгебралық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал арифметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.
Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады.
Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:

1. + - қосу
2. - - алу
3. * - көбейту
4. - бөлу
5. ^ - дәрежесін табу.

Информатикада логикалық операцияларға мыналар жатады:

1. тең =
2. артық –
3. кем –


Скачать


zharar.kz