Ережені оқу

Скачать

Қазақ тілі
2 - сынып.

Тақырыбы: Лепті сөйлем

Мақсаты: - сөйлем түрлерін қайталау;
- лепті сөйлеммен танысу;
- сөйлемдерді бір - бірінен ажырата алуы;
- қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: суреттер.
ОТҚ: интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
III. Үй тапсырмасын тексеру, дәптер ауыстыру, ескертулер айту.
IV. Дәптердегі жұмыс: күнді, тақырыпты жазу, көркем жазу: Лл қала.
V. Өткен тақырыпты қайталау: сөйлем, хабарлы сөйлем, мысалдар келтіру.

Тамаша ғой қыс деген!
Аяз бетті тістеген!
Келе жатыр қасқыр,
Тұр, қасқырды басқа ұр!

– Қандай көңіл - күймен оқыдым? Қандай тыныс белгісін қойдым? Ендеше, бұл – сөйлемнің үшінші түрі, ол лепті сөйлем деп аталады. Адамның көтеріңкі көңіл күйімен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейді. Лепті сөйлемнің соңына леп (!) белгісі қойылады.

VI. Кітаппен жұмыс.
Ережені оқу: Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі(!) қойылады.
Ауызша 240 жаттығуды орындау, мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырады.
241 жаттығуды орындау.
242 жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
VI. Мына сөйлемдердің соңына тыныс белгісін қой
Жасасын тәуелсіз Қазақстан
Он алтыншы желтоқсанда Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне жиырма бір жыл толады
Сен осы мерекеге не дайындадың
VII Төмендегі сөйлемді аяқтаңдаңдар:
Сөйлемнің неше түрін...?
Ауа қандай...!
Біздің сыныпта он сегіз бала....
VIII. Кітаппен жұмыс.
244 жаттығу.
IX. Үйге тапсырма: № 246, ережені оқу
X. Бағалау, қорытындылау
Саған бүгінгі сабақ ұнады ма?
Алақай, бізге қонақтар келді!
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.


Скачать


zharar.kz