ГИПЕРАКТИВТІ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ

Скачать

ГИПЕРАКТИВТІ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
"Гиперактивтілік" осы күнге дейін бір жақты талдауы жоқ. Сонда да болса, көптеген мамандар гиперактивтіліктің сырттай пайда болуын, импульсивтілік, ұқыпсыздық, қозғалыс белсенділігінің жоғарлығымен түсіндіреді.
Гирперактивтілік түсінігін қозғалыс белсенділігінің жоғарылығы деп қана айтады, ал теория жағынан толығымен айтатын болсақ баланың мінез - құлқындағы гиперактивтіліктің пайда болуының басқа да көріністерін беруге болады: ұқыпсыздық пен импульсивтілік

Гиперактивті балалар аңғырт, әрі ырықсыз болып, сақтық жетіспенгендіктен олар кездейсоқ жағдайға жиі ұшырайды. Гиперактивті бала тәртіптің бұзылуына жиі кінәлі болады, бірақ оны қасақаналықпен жасамайды, ол тәртіптерді қабылдауға қабілетсіз болғандықтан оны орындай алмайды. Нәтижеде ата - аналар немесе педагогтардың тарапынан болған тәртіптік жазалау. Мұндай балалардың өз құрдастарымен және өзінен үлкен балалармен қарым - қатынасы шекара (дистанция) сақталмауымен ерекшеленеді. Гиперактивті балаларға ашушаңдық, қыр көрсетушілік, ал ең соңында ұқсатушылық көріністерге тап болады, өзін қоршаған ортадағыларға жеккөрінішті болып, соның нәтижесінде жан толғанысы проблемасына ұшырайды. Балаларда қорқыныш, жабырқаңқылық пайда болып ешбір себепсіз біреуді жек көре бастайды. Мінез құлқында шектен тыс белсенділік пен ырықсыздықтың болуы ең өкініштісі, оның білім алуына да жағымсыз әсер етпей қоймайды, бұндай балалар өздерінің қозғалыс ырқын бағындыру қиындық келтіруіне байланысты, олар сабақта алуға тиісті хабарламаларды қабылдауға құлықсыз болып, көру және есту дағдыларын (сигнал) дәлме - дәл қабылдай алмайды. Гиперактивті балалардың қимылдарын жоспарлауы мен бағдарлауы бұзылып, ойлау мен қимылдың арасындағы үзілістер түбімен болмайды.

Гиперактивті балалардың қозғалысы бей - берекет және кенеттен өзгеріп отырады. Энергиясы шамадан тыс көп болғандықтан күштің қоры қарқынды шығындалады. Ол жалғыз отырған кезде де, аз құрдастарымен болған кезде де өзінің мінез - құлқын алуан түрге құбылтып отырады. Мұндай бала не нәрсеге қабілетті екендігін балалардың тобымен бірге болған кезде көрсете алады. Бұл балаларда сенсорлық тітіркендіргіштікті қабылдау қасиеттілігі тұрақты болғандықтан оны қанағаттандыру өте қиынға соғады.

Психологтар гиперактивті баланы бейімдеуде мінез - құлық қана емес, бұл комплексті бұзылу деп атап көрсетіп отыр.


Скачать


zharar.kz