Жыл мезгіліне байланысты жануарлардың тіршіліктерінің өзгешеліктерін білу, балалардың сөздік қорын дамыту

Скачать

"Балдырған" балалар бөбек бақшасының тәрбиешісі
Жуманова Гульжан Сағымбайқызы

ІІ сәбилер тобында
Қоршаған ортамен таныстырудан ашық оқу іс - әрекеті

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы

2 - ші сәбилер тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, пайдасы туралы түсінік беру. Жыл мезгіліне байланысты жануарлардың тіршіліктерінің өзгешеліктерін білу, балалардың сөздік қорын дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.
Әдіc-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Дидактикалық ойын, үй жануарларының суреті, жайлау.

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Достарым.

Тосын сый:
Жылқының атасы. (Қамбар ата)
Музыка әуенімен Қамбар ата кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Мен сендерге білімдеріңді тексеруге әдейі келдім, жай келген жоқпын өзіммен бірге тосын сый ала келдім.
Ойын: Сиқырлы қорапша ойының ойнайық.

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс олар үй жануарлары.
Көктемде үй жануарлары далаға жайылымға шығып, жазда жайлауда болады.
- Рахмет сізге Қамбар ата, сіз төрге шығып балаларды тамашалаңыз.


Скачать


zharar.kz