ОҚО, Түркістан қаласы
"Түркістан" көпсалалы медицина колледжі
Психология негіздері пәнінің оқытушысы
Бабашева Баян Рахимовна
Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Студенттердің даму ерекшеліктерін анықтау - тұлғалық қасиеттері үшін ерекше маңызды, бұл қасиеттер көптеген субьектінің мінез-құлқын шаттандырады. Әсіресе сессия кезеңінде студенттерде мазасыздану процесі басым болады.
Мазасыздану деңгейінің анықтамасы тұлғаның ерекше іс-әрекет табиғи және міндетті белсенділігі. Әр адамның өзіндік белсенділігі, ниеті, үрей деңгейі бұл қажетті мазасыздық деп саналады. Ситуативті және реактивті үрейді күй ретінде субьективтің бастан кешірген эмоцияларымен қысым, мазасыздық, бойкүйездік сипатталады. Бұл күй стрестік ситуация эмоционалды реакция ретінде туындап уақыттың интенсивтілігі мен динамикасының әр түрлілігіне байланысты болуы мүмкін. Тұлға жоғары мазасыздық категорияларына тиісті, өзінің бағалауына, кең деңгейдегі өмір сүру әрекетіндегі диапазондардағы қауіптерді қабылдауға бейім, қысыммен көңіл аударып, мазасыздық күйімен айқындалады. Егер психологиялық тестте зерттелуші тұлғалық мазасыздықтың жоғары көрсеткішін көрсетсе, мұның негізінде әртүрлі ситуацияларда мазасыздық күйі бар компетенттілігін бағалайды. Көптеген белгілі әдістемелерде мазасыздықты өлшеу, тұлғалық мазасыздық болмаса, мазасыздық күйін арнайы реакцияларда бағалайды. Мазасыздықтың айырмашылығын өлшейтін, тұлғалық қасиетін, күйін анықтайтын Ч. Д. Спилбергер ұсынған әдістеме. Орыс тілінде оның шкаласын бейімдеген Ю. Ханин. Спилбергтің өзіндік бағалау шкаласы 40 сұрақ, пікір, 20 оның ситуативті мазасыздықты бағалауға, 20-тұлғалық мазасыздыққа арналған.