Пән: Ана тілі 2- сынып
Сабақ аралас
Тақырыбы: Жылу Ф. Оңғарсынова
Мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету. Баланың анаға деген махаббатын суреттеу, анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, түсіндіру
Көрнекілік: автор туралы мәлімет, интерактивті тақта
Технология: СТО стратегиялары
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. "Жылы лебіз"
II. Үй тапсырмасын сұрау
1-топ
2-топ Жазған шығармаларын оқыту "Ата-ананы құрметтеу"
Міне, өздеріңнің ата-аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата-анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
III. Сабақтың мақсаты, тақырыбы
Құт береке –атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың –әкең қымбат. 2-слайд
Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?
Топтастыру стратегиясы. ЖЫЛУ 3-слайд
жақсы сөз, мейірім, жылы лебіз, аялы алақан.
IV. Жаңа сабақ.
Табиғаттағы барлық жылу –күннен 4-слайд
Өмірдегі барлық жылу –адамнан.
Ф. Оңғарсынова. "Жылу" өлеңі
Ф. Оңғарсынова - Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы. Қазір Алматыда тұрады. (толық мәлімет беру)
Топтастыру стратегиясы. Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Мазмұнын түсіндіру.
Өлең кім туралы айтылған? 5-слайд
1. Ана құшағы
2. Ана жанары
3. Ана сүті
4. Ана жылуы
б) Оқушыларға оқыту (іштей, дауыстап, тізбектей)
в) Сөздік жұмысы
ӨҢ-
Жалғанда - 6-слайд
Ғұмыр -
Дәптерге жазу.
V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Ақын не үшін ананы күнге ұқсатады?
2. Ананың алақаны қандай ? "Менің анам"өз анаң туралы әңгімелеу
Суретпен жұмыс. Күн, Ана 7-слайд
Суреттегі байланысты анықтау
"Өлең ұйқастыру"стратегиясы
----------------------------------- сыйлаймын
----------------------------------- тыңдаймын
----------------------------------- аламын 8-слайд
------------------------------------ баламын
Ситуациялық жағдай.
1. (бәрін мойындап, кешірім сұрау)
2. (үстін қымтап жауып қою, шай дайындап қою)
VI. Қорыту. Өлең неліктен "Жылу "деп аталған?
Күннің шуағы - жылы
Ананың құшағы –жылы 9-слайд
Ана бір қолымен бесік тербетеді, екінші қолымен дүниені тербетеді. 10-слайд
(суретін көрсету)
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді,
Ақтамасам боп жүрмін несіне адам 11-слайд
VII. Үйге тапсырма
"Жылу"өлеңін жаттау
Бағалау.
Рефлексия