Дөңгелектер тобы

Скачать

Кулагино орта мектебінің
мектепке дейінгі шағын топ тәрбиешісі
Қадырқұлова Лаура Өмірзаққызы

Шебер сынып тақырыбы: Тәрбиешілердің кәсіптік шеберлігін жетілдіруде іскерлік ойындардың рөлі
Мақсаты: адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу. Жағымды ой, ішкі сезімін қалыптастыру, адамның ішкі мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту, өз күшіне сену және өз - өзіне баға беруді дамыту.

І. Шаттық шеңбері
Құрметті әріптестер!
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Олай болса сабағымызды бастамас бұрын сергіту жаттығуы арқылы көңіл - күйімізді көтерейік.
Сергіту жаттығуы.
Рахмет өзімізге күш - қуат береді екен.

ІІ. Енді үстел басына шақырамын. Ойын - жаттығу ұсынамын.
Үстел үстіндегі әр түрлі түстегі геометриялық фигураларды таңдаңыздар.
Таңдаған фигуралар арқ ылы 3 топқа бөлінейік.
1 - топ Дөңгелектер тобы. (қызыл түс)
2 - топ Төртбұрыштар тобы. (көк)
3 - топ Үшбұрыштар тобы. (жасыл түс)
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар. Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай – ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір - біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар.

Бүгінгі шебер сыныбымыздың бағдарламасымен таныстырайын.
І тур. Сурет салу арқылы тәрбиешілердің шеберліктерін шыңдау. (3топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.) 10мин.
ІІ тур. Конверт таңдау арқылы логикалық есептерді шешу. (5 мин)
ІІІ тур. Құрастырмалы ойыншықтар арқылы әр топ өз ойларымен құрастыру және талдау. (10мин)
ІҮ тур. Табиғатқа байланысты ырым - тыйымдар. (әр топқа 2 суреттен)
Ү тур. Тілек шамы.

І тур.
1 - топқа Біз қандай тәрбиешіміз?
2 - топқа Біздің тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз болашақта қандай мамандық иесі болады деген ойдасыздар?
3 - топқа Болашақта мектепке дейінгі шағын топ қандай болады?

ІІ тур
Алдарыңыздағы конвертті ашып ішіндегі логикалық есептерге жауап беріңіздер?
1 - топ
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
2 - топ
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
3 - топ
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы

ІІІ тур
Құрастырмалы ойыншықтар арқылы әр топ өз ойларымен құрастыру
және талдау. (10 мин)

ІҮ тур
Табиғатқа байланысты ырым - тыйымдар. (әр топқа 2 суреттен)
І топ Дөңгелектер тобы.
Мысық жылы жерді паналаса - аяз болады.
Аспанда жұлдыз көп болса - күн суытады.
ІІ топ Төртбұрыштар тобы.
Түтін аспанға тіке көтерілсе - аяз болады.
Ерте көктемде қарға суға шомылса - күн жылынады.
ІІІ топ Үшбұрыштар тобы.
Қайыңнан аққан шырын көп болса - күн жылынады.
Сары шымшық ысқырса шынымен - күз болады.

Ү тур
Тілек шамы.
Шығармашылық жұмыстарымыз жалындап жана берсін деген ниетпен бүгінгі шебер сыныбымызды бір - бірімізге тілек шамын беру арқылы қорытындылайық.
Қорытынды.
Осымен шебер сыныбымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет.


Скачать


zharar.kz