Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Альдешова Фарида Бақтығалиқызы
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер.
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға одағай туралы түсінік беру, оның мағыналық тыныс белгісін үйрету
Білімділігі. Одағай туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы. Оқушылардың өз ойын тез әрі, жүйелі жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі. Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету және ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Тірек сызбалар. суреттер, парақшалар, дидактикалық материалдар. ребустар шешу.
Сабақтың әдіс: Сұрақ, жауап, әр түрлі тапсырмалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Өткенді қайталау.
Психологиялық дайындық.
2. Тірек сызбамен жұмыс.
Сөз таптары. - 9
1. Зат есім. 2. Етістік. 3. Сан есім. 4. Сын есім. 5. Есімдік. 6. Үстеу. 7. Шылау. 8. Одағай. 9. Еліктеуіш сөздер.
3. Жаңа сабақ.
Пай - пай, бәрекелді, түу, е - е, оу, ой, апырай,
4. Кітаппен жұмыс. 1 - жаттығу.
Пай - пай, мына аттың жүйрігін - ай! 2. Бәрекелді, келгендерің жақсы болды! 3. Алақай, алақай, ауылдан әжем келді.! 4. Апырай. та қонысым еді!
5. Тақтамен жұмыс. 2 - жаттығу.
1. Шіркін, мына атқа мінер ме еді! 2. Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл. М. Әуезов. 3. Әттеген - ай, көре алмай Еқалдым - ау! 4. Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? М. Әуезов. 5. Түу, қандай тымырсық түн!
5. Дәптермен жұмыс. 3 - жаттығу.
Па, шіркін, әттең, ойпырай берілген одағайларға сөйлем
құрап жазу.
6. Өзбетімен жұмыс. 4 - жаттығу.
1. Алақай, емтиханнан бес алдым! 2. Апырай, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық! 3. Шіркін, киноактер болсам!
4. Оу, сен қашан келдің!
7. Ребус шешу 5 - жаттығу.
Уық. Радио. Шешуі: (Ура)
Сөйлем ойлатып дәптерге жазғызу.
8. Төрт жол өлең құрастыру.
--------------- көңілді.
--------- ------- оралды.
-------------- айналам.
-------------- өңірді.
9. Жұмбақтар шешу.
10. Кестемен жұмыс.
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Үстеу
Шылау
Одағай
11. Үйге тарсырма. 176 - бет 6 - жаттығу.
12. Сабақты қорытындылау. Бүгін біз не үйрендік?
13. Бағалау.