Қандай жағдайларда

Скачать

Тақырыбы: Агрессияны болдырмау жолдары
Жоғары сынып оқушыларына арналған коррекциялық сабақ
Мақсаты: оқушыларды бірін – бірі түсіне білуге қалыптастыру. Оқушыларға агрессия күйі туралы түсінік беру. Ашу мен агрессияны жеңілдетудің жолдарын табу.

Қажетті құралдар: мақал – мәтел жазылған парақ қағаздар.
Психолог: Өзіңе келген ашу – ызаны Ух - ха - ха деген сөзбен басуға жаттықтың ба? Кім тағы да басқа әдістерді қолданады? Өздеріңнің тәжірибелеріңмен алмасыңдар.
Психолог қатысушылардан өздерін қоршаған адамдардың өздерін қалай тыңдайтындарын, өздері оларды қалай тыңдайтындарын сұрайды. Содан соң, агрессия дегеннің не екенін және ол қай кезде пайда болатынын сұрайды.

Тақырыппен жұмыс.
Психолог: Біз өзімізді біреу түсінбегенде жиі жиырылып, жүйкеміз қысылады. Қазір біз бір – бірімізді жеткілікті түрде жақсы түсінеміз бе, соны тексерейік. Мен қазір ойдан шығарылған мақал – мәтелдері бар бланк қағаздарын таратамын. Әркім өз ойына жақын мақал – мәтелдерді таңдайды. Өмір бойы күнәсыз адамның болуы мүмкін емес. Қандай болмасын өтірік - күнә. Тағдырдың жазғанынан кетпейсің. Тәуекелділік – қайырымдылық жұмыс. Ақша жинасаң – жоқтық көрмейсің. Ақша сөйлегенде – шындық сөйлемейді. Ақылдылықпен ұрласаң да - жамандықтан құтыла алмайсың. Бір рет ұрласаң – өмір бойы ұры болғаның. Кім күштірек – соныкі дұрыс. Кіммен жолдас болсаң – содан аласың. Қашып кетсең – сенікі жөн, ал ұсталып қалсаң кінәлісің.
Оқушылар өздері таңдап алған мақалдарының мағынасын түсіндірулері керек. Бір – бірінің қандай мақалды таңдағанын табуды ұсыну.
Жылан туралы аңыз тыңдап көрейік.
Ертеде улы жылан өмір сүріпті, оның уынан бәрі қорқатын және оны жақтырмайтын. Ешкім жыланмен қарым – қатынас жасамағандықтан ол ылғи да жалғыз болатын. Бір күні жылан удан құтылудың жолын ойлап оны бір үңгірге тастап жіберіпті. Мұны көрген бүркіт оны барлық аңдарға әңгімелеп айтады. Енді жыланнан қорықпайтын болған аңдарға батылдық бітіп, олар жыланды таспен атқылап өлтіреді.
Психолог: Бұл аңыздан қандай қортынды шығаруға болады? Адамға агрессия не үшін керек? Қандай жағдайларда?
Қорытындысында оқушылар адамға агрессия өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді. Агрессия кейде адамның арын және жауының алдында өзін қорғау үшін керек.
Әзіл – ойын Мені түсін
Қатысушылар үш адамнан топқа бөлінеді де саңырау мен сақауды ; саңырау мен қолайсызды ; соқыр мен сақауды бейнелейді. Оларға бір – біріне сыйлық беру туралы келісу керек болады.

Көрме жаттығуы.
Психолог: Ыңғайлы отырып, өздеріңді еркін ұстаңдар, көздеріңді жұмыңдар, 3 - 4 рет терең демалыңдар.
Сендер шағын ғана көрмеге тап болдыңдар деп ойлаңдар. Онда сендердің ашуларыңды ұстанатын, сендерді ренжіткен және сендермен әділетсіз болған адамдардың фотосуреттері ілулі тұр. Біреуін таңдап алып болған ситуациялық жағдайды, яғни ол адамның сендерді қай кезде ренжіткенін еске түсіруге тырысыңдар. Өзіңнің сол кезде не сезгеніңді есіңе түсір және ойша ол адамға не айтқың келгеннің бәрін айт немесе тіпті не істегің келгенінің бәрін істе.
Жаттығудан кейін пікір алмасу болады: қандай ситуациялық жағдайлар болды? Өзіңнің не сезінгеніңді білу қиын болды ма? Сіздің сезімдеріңіз өзгеріп отырды ма?

Сабақты талдау. Пікір алмасу үшін психолог сұрақ береді:
Біз бір – бірімізді жақсы білеміз бе? Бір бірімізді жақсы түсінуге үйрену бізге қажет пе? Бүгін кім бәрінен артық басқаны түсіне алады? Ашулардың күшін түсіну үшін қандай жағдайды қолданған пайдалы? Агрессияны түсінуді үйренген қажет пе?
Сіздер өздеріңіздің агрессияны түсінудегі қабілеттеріңіз бен мүмкіншіліктеріңізді бағалай аласыздар ма?

Совет Одағының Батыр Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп ММ - нің
педагог - психологы
Исаева Зауре Муфтыевна


Скачать


zharar.kz