А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп
Мен неліктен осы модульді таңдадым?
Өйткені, қазіргі таңда формативті бағалаудың жүзеге асыру механизімін білу аса маңызды. Менің түсінігім бойынша, бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы болып табылады. Сонымен қатар баланың білім деңгейін анықтау, оқушы еңбегін мадақтау, оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу, жауаптарын мұқият тыңдау, айтар ойымен санасу болып табылады. Сындaрлы оқытудың екiншi кезеңiнде, яғни мектепте өткен тәжірибе кезеңінде жетi модуль идеяларын басшылыққа aлa отырып сaбaқтaр өттім. Менің ойымша оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын. Қазіргі таңда жаңа жүйемен жаңаша әдіс - тәсілмен сабақ өту барысында сындарлы оқыту теориясында бағалаудың жеті модульдің ішінде алатын орны ерекше. Маған жеті модульдің ішіндегі осы модуль айрықша әсер қалдырды. Себебі: сабақта бағалау жүйесін өзгерту қажет. Міне, осы модуль идеяларын енгізіп, зерттеу жүргіздім.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Формативті бағалау немесе оқыту үшін бағалау дегеніміз не?
Білім беруде әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.