Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Мерекеге барамыз
Мақсаты: Қимыл қозғалыс арқылы денені игеру.
Білімділік: Мерекелік алаңда: жалаушалар арқылы дамыту жаттығуларын орындауға.
Дамытушылық: Гимнастикалық скамейкамен тепе – теңдікті сақтап, кедергілер арасымен өту.
Тәрбиелік: Ұйымшыл достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, қимылдық ойын.
Қажетті құралдар: әр балаға екі түрлі түсті жалаушалар, кедергілер, гимнастикалық скамейка
Мотивациялық қозғаушылық
Залға саппен қолдарына жалау ұстап айнала жүру, тіке жолмен, бұралаң жолдармен жүру.
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Достық мерекесі жасасын.
Сапқа тұрып, қонақтармен сәлемдесу!
І кіріспе бөлімі:
Денені қимыл – қозғалысқа даярлау (бір оңға, бір солға)
Ұйымдастырушылық кезеңі
ІІ. Жалаушалармен орындалатын жалпы дамыту жатығулары:
1. Б. Қ – аяқ сәл алшақ жалаушалармен қолды төменнен жоғары сермеу, жоғары, томен қарау. (3 - 4 рет)
2. Б. Қ – аяқ иық деңгейінде алшақтау жалаушалармен қолды екі жаққа созу (3 - 4 рет)
3. Б. Қ – аяқты түзу ұстап жалаушалармен қолды алға созып отырып түру. (3 - 4 рет)
4. Б. Қ – аяқ иық деңгейінде алшақ жалаушалармен қолды төмен жоғары кезек – кезек көтеру. (3 - 4 рет)
5. Б. Қ – қос аяқпен бір орында секіріп жалаушалармен қолды жоғары көтеріп бұлғап сермеу.
6. Демалу: демді ішке тартып жаймен, шығару. Қолды жоғары көтеріп демді ішке тарту, алға еңкею. Қолды бұлғау демді шығару.
Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары:
Бір қатармен бір – бірінің артынан жүреді.
1. Кедергілер арасымен өту.
2. Гимнастикалық скамейка үстімен қолды екі жаққа созып бойды тік ұстап жүру, қос аяқпен секіріп түсу.
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы орта білім
беретін мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Б. Адилгалиева