Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазатүрлері

Скачать

Барысы:
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі
1. Бірінші бөлім:
а Адам құқығы дегеніміз не?;
б Сенің құқығың - баптарды еске түсіру.

2. Екінші бөлім:
а Жастар арасындағы қылмыстар ;
б Ситуациялық жағдайларды шешу.

3. Үшінші бөлім:
а Заңды консультация - сұрақ – жауаптар;
б Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза
түрлері.
4.Қорытынды.
Тақырыбы: Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі.

Мақсаты: студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

1. Топ жетекшісінің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгін бізде қонақта қалалық кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы Тойғанбаев Нұрхат Нұрахметоллаұлы, колледж директорының орынбасары Бозщина Құндыз Жұмабекқызы, колледждің Фемида клубының жетекшісі Исакова Гулнар Тәңірқұлқызы, ата – аналар.

Бүгінгі іс-шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз.

I. Сабағымыздың бірінші бөлімінде құқық туралы жалпы түсінік беріледі.
1.1. Елдар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма құқық пен мораль деген ұғымдар кіреді.

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.

1.2. Сенің құқығың!
Сағат: 14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.

Батырлан: 15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

Еламан: 16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Ерлан: 17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Аңсар: 19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.

Олжас: 22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Ердос: 25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.

1.3. Данияр
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар.
Сабақтың екінші бөлімінде жасөспірімдерге қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктер туралы анықтама беріледі.

2.1.Нұрболат
Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.

Нұрқанат
Мысалы, кәмелетке толмаған Омар теміржол көпірінің астындағы жаяу жолаушылар жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып, оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей, әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп, жанар-жағармай станциясының жанында күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды тартып алған. Осы ұрлықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған Омар шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
2010 жылы 17 қаңтарда 14 жастағы Виталий мен Станислав Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов көшесінде орналасқан № 58 үйдің ауласында кәмелетке толмаған Мирасты көрді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтіндей зорлық көрсету қаупімен ұялы телефонын талап етті. Мирас өзіне қолданылмақ болған зорлық қаупінен қорқып өзінің ұялы телефонын оларға беруге мәжбүр болды. Аталмыш қылмыс үшін Виталий мен Станислав қылмыстық жауапкершілікке тартылып, шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Өкінішке орай мұндай мысалдарды одан әрі ұзақ жалғастыруға болады.

Нұржан
Кәмелетке толмағандардың басқа бір қылмысының түрі ол – ұрлық жасау. Кәмелетке толмаған Валера мас күйінде, топтағы басқа да адамдармен Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесінде орналасқан азық-түлік дүкеніне келіп, күртешесін қолына орап аталмыш дүкеннің терезесін сындырып, ішіне кірген. Ол жерден қылмысты топ құны 36 925 теңге құрайтын азық-түлік пен спирттік ішімдіктерді қолды қылған. Осы қылмыстары үшін ол жауапкершілікке тартылып, сотталды.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, жасөспірімдер өз әрекеттерімен қауіп төндіретіндерін түсінеді. Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе , - деп бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты.
Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай алады.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін қарау барысында, олардың жеке басы, тәрбиелену мен өмір сүру жағдайлары, қылмысты жасау себептері, қылмысты жасауға себеп болған жағдайлары, оған деген ересектердің әсері - мұның бәрі тәрбиелеу бағытындағы шара қолдану мен жаза тағайындауда ескеріледі. Көп жағдайда ата - аналардың жасөспірімге дұрыс тәрбие бермеуі мен қылмыстық әрекеттерге бармауы туралы ескертуінің кемшілігі – құқық бұзушылық себебі болады.

2.2. Ситуациялық жағдайларды шешу.
Көшедегі көрініс
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең көп қызықтан қалдым - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Топ жетекшісі:
Құрметті ата-аналар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

2. Учаскелік полиция инспекторына: - Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

Сағат:
Көршінің көмегі

Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген , - деді.

Студенттерге сұрақтар қойылады:

1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме? – сұрақ инспекторға қойылады.

Еламан:

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда Көмектесіңдер деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.

Сұрақ:
• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?

Сабақтың үшінші бөлімінде Заңды консультация өткізіледі.
а студенттер инспектор мен Фемида тобының жетекшісіне сұрақтар қояды.

1. Балқаш қаласы бойынша жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Сонымен қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?
3. Қазіргі уақытта жас балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
4. Бір немесе екіден көп кәмелетке толмаған жасөспірімдер төбелескен кезде біреуі абайсызда суық қару қолданады. Бұл жағдайда қандай
Фемида клубының жетекшісіне қойылатын сұрақтар:

1. Профилактикалық кеңес отырысы шешімінің заңдылық күші бар ма?
б Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Сағат: Қылмыстық Кодексінің 39 бабында қарастырылған он екі жазаның ішінде кәмелетке толмағандарға мына жеті жаза түрлері ғана тағайындалады:
Айыппұл 79-шы баптың 2-ші тарауына сәйкес кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда 10-нан 500 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
Батырлан: белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Еламан: қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке толмаған адамға қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады.
Ерлан: түзеу жұмыстары кәмелетке толмай сотталған жасөспірімдерге бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Аңсар: бас бостандығын шектеу жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бұл жаза мамандандырылған органның қадағалауымен сотталғанның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.
Олжас: қамау бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.Сотталған жасөспірімді жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстайды.
Ердос: бас бостандығынан айыру он жылдан он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады.

Қорытынды. Сонымен, құрметті студенттер, ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық.
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
5. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
6. Әділ істің...(арты игі)
7. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
8. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).

Топ жетекшісі: Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер студенттерге өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Нияз
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,

Топ жетекшісі:
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Скачать


zharar.kz