Сызба кестені Оңтүстік Американың атлас картасын пайдаланып толтырыңдар

Скачать

Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы және елдері
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы – үндістердің тарихымен, халықтың әркелкі орналасу себептерімен таныстыру;
Дамытушылық: Білім - білік дағдыларын тиянақтау;
Тәрбиелік: Оқушыларды Оңтүстік Американың саяси картасымен таныстыру.
Оқыту әдісі: Көрнекілікті - түсіндірмелі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас картасы, кескін картасы, слайдтар, сызбалар, интерактивті тақта.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) Табиға зоналары кесте толтыру
2) Ойландырған сұрақтар ойын
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мағынаны тану слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
ІҮ. Бекіту
1) Ккескін картамен жұмыс
2) Сызбамен жұмыс
Ү. Қорытындылау
8. Сабақтың барысы:
Оқушыларды түгендеу.
- Ал, балалар біз қандай материкті қарастырып жатырмыз?
- Иә, Оңтүстік Американы.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ендеше, үй тапсырмасын мына кестені толтырумен еске түсірейік.
- Жақсы, дайындалғандарың көрініп тұр.
- Ал, ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
- Ойын Ойландырған сұрақтар деп аталады.
(Үй тапсырмасына байланысты 12 - сұрақтан тұратын тапсырманы орындатамын).
- Жарайсыңдар. Енді дәптерлеріңді ашып жаңа тақырыпты жазып алыңдар.
ІІІ. Мағынаны тану
Бүгін біз Оңтүстік Американың халқы мен елдерін қарастырамыз
(Тақырып жоспарын басшылыққа ала отырып түсіндіремін)
1. Халқы
2. Анд елдері
3. Шығыстағы жазық елдер
4. Бразилия
ІҮ. Бекіту тапсырмалары:
1. Кескін картаға Оңтүстік Америка материгіндегі мемлекеттердің шекарасын сызыңдар.
2. Сызба кестені Оңтүстік Американың атлас картасын пайдаланып толтырыңдар.
Ү. Оқушы еңбегін қорытындылап, бағалау. Үйге тапсырма беру
§43 Халқы және елдері оқу.
Реферат жазу:
1. Амазонка кереметтері
2. Анхель сарқырамасы


Скачать


zharar.kz