Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға қамыр түрлерінен, ұннан жасалған тағамдар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру;
Тәрбиелігі: ұн тағамдарын дайындағанда ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты қортындылап талдау.
5. Оқушылардың еңбегін бағалау.
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
2. Үй тасырмасын сұрау: Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар.
1. Ас – адамның арқауы деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 - 20, қой етінің 15 - 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 - 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан - фосфор - 0, 2, калий - 0, 3 темір 2 - 3, мырыш 2 - 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ
Қазақша ет
Кәуап
әсіп
Төстік
тұшпара
мәнті
Ал енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.
Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:
1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.
2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.
3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.
4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.
3. Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер .
Дәпрерімізге тақырыпты жазайық.
Күнделікті өмірде көріп, естіп жүрсіздер, нанды қашан да қастерлеп өскен халықпыз.
Нан – жер - ананың адамзатқа беретін баға жетпес азығы.
Нан дастарқанға қалай келеді?
(Слайдтан ауыл өмірінен көрініс)
Жер жырту, тұқым себу, баптау, астык жинау, дүкен, наубайхана, қоймаға сақтау.
Ұн – қамырдың барлық түрін әзірлеудәң негізгі шикізаты.
Үй жағдайында пісіру үшін бидайдың майда ақ ұны, жоғары, 1 және 2 сортты бидай ұны пайдаланады, жүгері мен қара бидай ұны сирегірек пайдаланылады.
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май, В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түрендегі көмірсулар болатындықтан, тамақтың құнарлығы жоғары.
Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:
1. Ұннан жасалатын тағамдар - тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақ.
2. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер - пирожкилер, бауырсақ, бүрменан, бәліш және т. б.
3. Дәмделген нан өнімдері - қарапайым майқоспа нан, әр түрлі тоқаштар, қаусырма т. б.
4. Ұннан жасалған кондитерлік өнім – торт, печенье, пирожный, прәндік.
Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдын алуан түрін пайдаланады.
Ұн мен одан жасалған тағамдарды дайындау үшін әр түрлі ыдыстар қолданылады. Олар елек, оқтау, таба, қамыр кескіш, қамыр жайғыш, табақшалар. Ұннан тағам пісіру үшін қамыр илеу керек. Қамырдың өзін илеу түрлеріне қарай қою және сұйық қамыр десек болады.
Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.
Ашыған қамырдан дайындалатын өнімнің сапасы оның иленуіне, толықсытылып өнделуіне, ашуына байланысты болады.
Қамыр әзірлеу алдында ұнды жылы орынға әкеліп, електен өткізеді.
Ұнды електен өткізудегі мақсат - одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.
Қамыр илеу үшін ұнды елейді, ашытқыны жылы суға салып араластырады, тұз, қантты ерітіп алады. Ұнның нәруызы суды сіңіріп, ісінеді, қамырға былқылдақтық беретін желімтек түзеді. Ашыту процесі кезінде ашытқылар ұндағы қантты спиртке және көмірқышқыл газына дейін ашытады, ол қамырдан шығуға ұмтылып, оны кеуектейді де, кеуектілік түзіледі, ал сүтқышқылдығы бактериалары қантты сүт қышқылына дейін ашытады, ал ұн нәруыздарын ісіндіруге жақсы әсер етеді және тағамның дәмін жақсартады.
Ал осы нанға байланысты қандай ырым - тыйымдар білеміз.
1. Нан – дән басы. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қою керек.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Ол үкен күнә.
4. Нанды жерге тастауға, шашуға, басуға болмайды.
5. Аяқтың астына құранды қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.(Бұл жерде, құранды басып нанды ал, дегені нан құраннан да қастерлі екенін айтып өткен).
6. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан ұсынады.
Маман кеңесі айдарынан.
Мектеп асханасының аспазшысының кеңесін тыңдау.
Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы
1. Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.
2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Писіру кезінде спирт ұшып кетеді.
3. Қамырды өңдеу - әр түрлі өнімдерге арнап өңдейді.
4. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.
5. Ұсақ өнімдерді пісіру 10 - 12 мин., ірі өнімдерді пісіру 45 - 60 мин., температура 200 - 250 С.
Ашытпа дайындау - ұн, су(сүт), ашытқы, аз ғана қант қосылған сұйық қамыр. Ашытпаның ашуы – 1немесе1, 5 сағат.
Қамырдын ашуы – жылы жерде 2 немесе 3 сағат
Сарамандық жұмыс: Ашытқысыз қамыр дайындау.
Топшамамен жұмыс.
Сергіту сәті: (мақал - мәтел жарысы)
Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.
Ет етке, сорпа бетке.
Ас иесімен тәтті.
Тойған үйге тоғыз бар.
Асына тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Нан - тамақтың атасы, ынтымақ көптің батасы.
Бекіту:
Тәтті, тәтті емес нан бисквит, үгілмелі, қайнатқы
Блиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)
2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?
4. Ашытқы қалай дайындалады?
5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)
Пайдалы кеңес.
- Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.
- Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.
5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу, реферат жазып келу және жаңа тақырыпты оқып келу.
Құймақ
Құрамы: 3 жұмыртқа, 1 ас қасық құмшекер, 1, 5 пиала сүт немесе су, 0, 5 шай қасық тұз, 2ас қасық өсімдік майы.
Қажетті ыдыс - аяқтар: жұмыртқа былғайтын табақ, бығауыш, таба, тарелке.
Дайындау технологиясы.
Жұмыртақаны жарып құмшекер мен тұзды салып араластырып, 30 мин былғайды, көлемі үлкейіп көбейеді.
Сүт және ұн салып араластырады, тұйіршек болмау керек.
Дайын сұйық қамырға өсімдік майын қосады.
Табаны қыздырып, жұқалап пісіреді.
Бисквиттік қамыр дайындау.
Құрамы: 4 - 5 жұмыртқа, 1 стакан құмшекер, 1 стакан ұн.
Қажетті ыдыс - аяқтар: табақ, елек, былғауыш немесе миксер, шұңғыл тарелке.
Дайындау технологиясы.
Жұмыртқа мен құмшекерді араластырып, көлемі бірнеше есе үлкейгенше көпсітеді.
Еленген ұнды қосып, сұйық қамыр жасайды.
Май сіңген пергамент қағазы төселген табаға сұйық қамырды құяды.
200 - 220 С температурада пісіреді.