Есім хан (1598 - 1628жж)Сабақтың мақсаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Есім хан (1598 - 1628жж)
Сабақтың мақсаты: 1. Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған рөлін ашып көрсету

2. Оқушылардың жүйелік ойлау, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды Есім хан сияқты белгілі тұлғаға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Диалог, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Пәнішілік байланысы: дүние жүзі тарихы
Көрнекіліктер: Тірек – сызба, Тәуекел, Есім хандардың суреттері, саяси карта, ребус шешу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VІ. Бағалау. Жеңіске жеткен топты марапаттау
VІ. Үйге тапсырма:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Бәйге ойыны арқылы. Интербелсенді тақтада сандар жазылған ұяшықтар бар, онда сұрақ жасырынған. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.
Баба сұлтан кім және Шығай хан Баба сұлтанға неге өшікті? (Баба сұлтан Ташкент билеушісі. Шығай Баба сұлтанға өшігу себебі қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргені үшін)

Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Ходжентті Абдаллах хан не үшін сыйлады? (Абдаллах ханның Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған жорығына қатысқаны үшін)
Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды? (Сыр бойындағы қалаларды қазақ хандығына қайтару)
Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алды? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам)
Өзбек хандығы мен қазақ хандығының сұлтандары қандай шешімге келді? (Соғысты тоқтату. Сыр бойындағы қамал - қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.)
Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған талас - тартыстан кейін қай мемлекетпен қарым - қатынасты орнатуды қолға алды? (Мәскеумен)


Скачать


zharar.kz